https://sputnik.kz/20230214/oral-auezhayy-satylgan-zhoq--sheneunikter-zhelide-taragan-aqparatty-zhoqqa-shygardy-32070617.html
Орал әуежайы сатылған жоқ – шенеуніктер желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды
Орал әуежайы сатылған жоқ – шенеуніктер желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Оралдағы әуежай мемлекет меншігінде қалады. Ол ресейлік компанияға сенімгерлік басқаруға ғана берілген, деп хабарлайды Sputnik... 14.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-14T11:20+0500
2023-02-14T11:20+0500
2023-02-14T11:20+0500
орал
әуежай
https://sputnik.kz/img/07e6/04/07/24050083_0:119:1280:839_1920x0_80_0_0_4a293c8f02ca6acb9b47727921618e14.jpg
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Оралдағы әуежай мемлекет меншігінде қалады. Ол ресейлік компанияға сенімгерлік басқаруға ғана берілген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына сілтеме жасап.Соңғы күндері Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайды ресейліктерге сатып жіберді деген ақпарат кеңінен тарады. Желіде Стратегиялық нысанның бұлай саудаға түсуі халықтың алаңдаушылығын туғызды. Заң бойынша әуежайдың ұшу-қону жолағы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, ал әуежай ғимараты "Ақжайық" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі.Әуежайдың ұшу алаңы мен жолаушылар терминалын салуға кезінде 12 миллиард теңге жұмсалған. Осыдан кейін әуежай былтыр көктемде 3 жылға жеке компанияның сенімді басқаруына берілді. Артынан олардың үлесін ресейліктер сатып алған."Ақжайық" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Нұрлан Өтепбаевтың айтуынша, әуежайды жөндеуге бөлінген 6 миллиард теңге қайтарылуы шарт. Оны құрылтайшы өзі шешеді. Сенімгерлік басқаруға алған үш жылда қаржы бюджетке төленуге тиіс.Ал жергілікті билік өкілдері әуежайдың мемлекет меншігінде қалатынын айтып отыр."Стратегиялық маңызы бар ұшу-қону жолағы және ауежайдың терминалы мемлекеттің меншігінде. Ешкімге ешқайда сатылған жоқ. Сол себепті біздің тұрғындарға алаңдайтын ешқандай себеп жоқ. Егер компаниялар өз үлесін сататын болса, олар алдымен үкіметпен келіседі", - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Меңеев.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/07/24050083_2:0:1279:958_1920x0_80_0_0_7ae46daa129193cfb493fca40d7e3437.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, әуежай
Орал әуежайы сатылған жоқ – шенеуніктер желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Оралдағы әуежай мемлекет меншігінде қалады. Ол ресейлік компанияға сенімгерлік басқаруға ғана берілген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына
сілтеме жасап.
Соңғы күндері Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайды ресейліктерге сатып жіберді деген ақпарат кеңінен тарады. Желіде Стратегиялық нысанның бұлай саудаға түсуі халықтың алаңдаушылығын туғызды. Заң бойынша әуежайдың ұшу-қону жолағы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, ал әуежай ғимараты "Ақжайық" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі.
Әуежайдың ұшу алаңы мен жолаушылар терминалын салуға кезінде 12 миллиард теңге жұмсалған. Осыдан кейін әуежай былтыр көктемде 3 жылға жеке компанияның сенімді басқаруына берілді. Артынан олардың үлесін ресейліктер сатып алған.
"Ақжайық" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Нұрлан Өтепбаевтың айтуынша, әуежайды жөндеуге бөлінген 6 миллиард теңге қайтарылуы шарт. Оны құрылтайшы өзі шешеді. Сенімгерлік басқаруға алған үш жылда қаржы бюджетке төленуге тиіс.
Ал жергілікті билік өкілдері әуежайдың мемлекет меншігінде қалатынын айтып отыр.
"Стратегиялық маңызы бар ұшу-қону жолағы және ауежайдың терминалы мемлекеттің меншігінде. Ешкімге ешқайда сатылған жоқ. Сол себепті біздің тұрғындарға алаңдайтын ешқандай себеп жоқ. Егер компаниялар өз үлесін сататын болса, олар алдымен үкіметпен келіседі", - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Меңеев.