Мектепке балтамен келген: Смайылов Петропавлдағы жағдайдан кейін бірқатар тапсырма берді

© PhotoӘлихан Смайылов
Әлихан Смайылов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Петропавлдағы 4-орта мектепте болған төтенше жағдайдан кейін бейнекамераларды көбейтіп, мектепке кіребіресте бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Смайылов кешегі оқиғаны өте қауіпті жағдай деп атады.
"Халық арасында үлкен алаңдаушылық тудырды. Балаларының қауіпсіздігіне алаңдамайтын отбасы жоқ. Мектептің ішінде де қауіптің барын көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселені қайта қарап, оқу орындарына тексеру жүргізу қажет. Бейнекамералардың санын көбейтіп, мектепке кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керек", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Оқу-ағарту министрлігі ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, қауіпсіздік сабақтарын әзірлейді.
"Балалар әртүрлі жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін нақты білуге тиіс", - деді үкімет басшысы.
Еске салсақ, 13 ақпан күні таңертең Петропавлдағы 4-орта мектептің оқушысы құрдастарын балтамен жарақаттады. Шабуыл жасаған жасөспірімді жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер ұстаған.
Қазір зардап шеккен екі бала ауруханада жатыр, жағдайы бірқалыпты. Бір оқушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды.
Бұл факті бойынша "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оқушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Петропавл қаласындағы №4 мектептің вестибюлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2023
Психикалық ауытқуы бар балаға оқуын жалғастыруға кім рұқсат бергені белгілі болды
Жаңалықтар
0