https://sputnik.kz/20230214/mazhilis-saylauy-auyl-partiyasynyn-kandidattary-tirkeldi-32070322.html
Мәжіліс сайлауы: "Ауыл" партиясының кандидаттары тіркелді
Мәжіліс сайлауы: "Ауыл" партиясының кандидаттары тіркелді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кандидаттарын тіркеді, деп хабарлайды Sputnik... 14.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-14T09:40+0500
2023-02-14T09:40+0500
2023-02-14T09:40+0500
ауыл
партия
сайлау
https://sputnik.kz/img/980/49/9804916_38:0:1962:1082_1920x0_80_0_0_5e1fe2b50cc520d11304c67e3b977994.jpg
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кандидаттарын тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, партия сайлау жарнасынан босатылады. Себебі бұған дейінгі сайлауда 5 процентен артық дауыс жинаған."Ауылдың" партиялық тізімі 25 адамнан тұрады. Олардың арасында президент сайлауына қатысқан Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бар.Айта кетері, бүгінде барлығы 29 округ бойынша 609 кандидат ұсынылып отыр. Оның ішінде 7 саяси партиядан – 79 үміткер, төрт қоғамдық бірлестіктен – 5 кандидат, қалған 525-і – өзін-өзі ұсынғандар.Кандидаттар мен саяси партияларды тіркеу 18 ақпан 18.00-ге дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт 18 ақпан 18.01-де басталып, 18 наурыз сағат 00.00-де аяқталады.18 наурыз – тыныштық күні.Айта кетері, парламент мәжілісі 98 депутаттан құралады: 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бірмандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/980/49/9804916_278:0:1721:1082_1920x0_80_0_0_561576ecc71250f91f7065e800f63fcf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл, партия, сайлау
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кандидаттарын тіркеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, партия сайлау жарнасынан босатылады. Себебі бұған дейінгі сайлауда 5 процентен артық дауыс жинаған.
"Енді партияның сайлау қорын қалыптастыруға арнаулы уақытқа шот ашуға болады. Партиялық тізімді тіркеу туралы хабар орталық сайлау комиссиясының интернет ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Сондай-ақ тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктерін беруді тапсырамын", - деді Әбдіров.
"Ауылдың" партиялық тізімі 25 адамнан тұрады. Олардың арасында президент сайлауына қатысқан Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бар.
Айта кетері, бүгінде барлығы 29 округ бойынша 609 кандидат ұсынылып отыр. Оның ішінде 7 саяси партиядан – 79 үміткер, төрт қоғамдық бірлестіктен – 5 кандидат, қалған 525-і – өзін-өзі ұсынғандар.
Кандидаттар мен саяси партияларды тіркеу 18 ақпан 18.00-ге дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт 18 ақпан 18.01-де басталып, 18 наурыз сағат 00.00-де аяқталады.
18 наурыз – тыныштық күні.
Айта кетері, парламент мәжілісі 98 депутаттан құралады: 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бірмандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.