https://sputnik.kz/20230214/astanada-oyynshyq-zhutyp-qoygan-eki-bala-zhazym-bola-zhazdady-32074970.html
Астанада ойыншық жұтып қойған екі бала жазым бола жаздады
Астанада ойыншық жұтып қойған екі бала жазым бола жаздады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Астанада екі бала ойыншық шарикті жұтып қойып, өліп кете жаздады. Дәрігерлер ішекті бітеп тастаған затты дер кезінде анықтады, деп... 14.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-14T14:00+0500
2023-02-14T14:00+0500
2023-02-14T14:00+0500
бала
астана
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Астанада екі бала ойыншық шарикті жұтып қойып, өліп кете жаздады. Дәрігерлер ішекті бітеп тастаған затты дер кезінде анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына сілтеме жасап.Бірнеше күн бұрын кішкентай Фатима төсектен тұра алмай қалған. Іші ауырып, ішкен тамағын құсып тастай берген. Ата-анасы бір жарым жасар баланың ішінде бөгде заттың бар екенін білмеген, тамақтан уланып қалды деп ойлаған."Балам екі күн бойы құсты. Басында инфекциялық ауруханада болдық. Сосын осында алып келді", - дейді Дариға Дәулетбаева.Бастапқыда дәрігерлер ішек инфекциясын іздеген. Алайда бірнеше күннен кейін кішкентай қыздың дәретке бармай жүргенін байқайды. Сол кезде дабыл қағып, шұғыл хирургия бөліміне алып барады.Баланың асқазанына түскен кішкентай шарик гидрогелийлік болып шықты. Ондай заттар суға түскенде үлкейеді. Медициналық көмек уақытында жасалмаса, адам қаза болады.Қазіргі кезде Фатиманың жағдайы жақсы. Бірнеше күн бұрын оған ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, Фатимамен қатар тағы бір бала ауруханаға түскен. 11 айлық сәби де шарик жұтып қойыпты.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, астана
Астанада ойыншық жұтып қойған екі бала жазым бола жаздады
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Астанада екі бала ойыншық шарикті жұтып қойып, өліп кете жаздады. Дәрігерлер ішекті бітеп тастаған затты дер кезінде анықтады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына
сілтеме жасап.
Бірнеше күн бұрын кішкентай Фатима төсектен тұра алмай қалған. Іші ауырып, ішкен тамағын құсып тастай берген. Ата-анасы бір жарым жасар баланың ішінде бөгде заттың бар екенін білмеген, тамақтан уланып қалды деп ойлаған.
"Балам екі күн бойы құсты. Басында инфекциялық ауруханада болдық. Сосын осында алып келді", - дейді Дариға Дәулетбаева.
Бастапқыда дәрігерлер ішек инфекциясын іздеген. Алайда бірнеше күннен кейін кішкентай қыздың дәретке бармай жүргенін байқайды. Сол кезде дабыл қағып, шұғыл хирургия бөліміне алып барады.
"Біз баланы бірден рентгенге түсірдік. Сосын кеңесшімізді шақырдық. Сөйтіп, "ішектің бітелуі" диагнозымен өз стационарымызға ауыстырдық. Біз оның бөгде затты жұтып қойғанын білмедік. Өйткені ата-аналары шарикті жұтып қойғанын айтпады", - деп атап өтті 2-аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Баймолдин.
Баланың асқазанына түскен кішкентай шарик гидрогелийлік болып шықты. Ондай заттар суға түскенде үлкейеді. Медициналық көмек уақытында жасалмаса, адам қаза болады.
Қазіргі кезде Фатиманың жағдайы жақсы. Бірнеше күн бұрын оған ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, Фатимамен қатар тағы бір бала ауруханаға түскен. 11 айлық сәби де шарик жұтып қойыпты.