Алматыда ерлі-зайыпты үшінші баласын сатқысы келген – видео

CC0 / pixabay.com / Нәресте
Нәресте - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Алматыда ерлі-зайыпты жаңа туған сәбиін 2 миллион теңгеге сатпақ болды. Екеуі қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
Арнайы жасақ Алмалы ауданында 25 жастағы әйел мен 32 жастағы күйеуін ұстады. Жас келіншек перзентханадан шыққан бойда бірден келісім жасауға барған. Екеуі жаңа туған ұлын 2 миллион теңгеге сатпақ болған.
"Ерлі-зайыпты бала тумай жатып, оны сатып алатын адам іздеген. Ұстау кезінде нәрестені сатудан түскен ақша тәркіленді. Екеуі өз кінәсін толығымен мойындап отыр", - дейді тәртіп сақшылары.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 135-бабының 2 бөлігі ("Кәмелетке толмағандар саудасы") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Астана, үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2023
Оқиға
Баланы балконнан лақтырып, енесін өлтірді: Астанада ер адам терезеден секіріп кетті
Жаңалықтар
0