https://sputnik.kz/20230213/barlygy-1-322-gidrotekhnikalyq-qurylys-gimaraty-tekserildi-ministr-32051722.html
Президент гидротехникалық құрылыстарды түгендеу ісін жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды
Президент гидротехникалық құрылыстарды түгендеу ісін жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады. 13.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-13T18:11+0500
2023-02-13T18:11+0500
2023-02-13T18:11+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30269986_0:38:1280:758_1920x0_80_0_0_3d10803b4941bc3d2c13b41ddabec42e.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады.Президентке еліміздегі гидрометеорологиялық жағдай мен су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы мәлімет берілді, деп хабарлады Ақорда.Жалпы, республика аумағында барлығы 1806 гидротехникалық құрылыс бар. Жыл басындағы жағдай бойынша 1 322 гидротехникалық құрылыс ғимараты тексерістен өткен, 471 нысан жөндеуді және жаңғыртуды қажет етеді.Зүлфия Сүлейменова броконьерлікке және орман ағашын заңсыз кесуге қарсы күрес шаралары күшейтіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі таңда министрлік мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде орман шаруашылығын дамыту мәселесін пысықтап жатыр.Қасым-Жомарт Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы органдардың көктемгі су тасқынына әзірлік жұмыстарын бірлесе жүргізуі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ барлық гидротехникалық құрылыстарды құжаттау және түгендеу ісін жыл соңына дейін аяқтау қажет екенін айтты.
https://sputnik.kz/20230208/vitse-ministr-su-tasqyny-qaupi-zhogary-onirlerdi-atady-31903551.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30269986_110:0:1171:796_1920x0_80_0_0_186d489dc8205197922c6d0cff5cd80f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Президент гидротехникалық құрылыстарды түгендеу ісін жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады.
Президентке еліміздегі гидрометеорологиялық жағдай мен су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы мәлімет берілді, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысына су тасқыны кезеңінде гидротехникалық нысандардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету шаралары жөнінде баяндалды. Осы мақсатта ведомство Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тексеру жұмыстарын жуық арада жүргізуді жоспарлап отыр", - делінген ақпаратта.
Жалпы, республика аумағында барлығы 1806 гидротехникалық құрылыс бар. Жыл басындағы жағдай бойынша 1 322 гидротехникалық құрылыс ғимараты тексерістен өткен, 471 нысан жөндеуді және жаңғыртуды қажет етеді.
Зүлфия Сүлейменова броконьерлікке және орман ағашын заңсыз кесуге қарсы күрес шаралары күшейтіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі таңда министрлік мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде орман шаруашылығын дамыту мәселесін пысықтап жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы органдардың көктемгі су тасқынына әзірлік жұмыстарын бірлесе жүргізуі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ барлық гидротехникалық құрылыстарды құжаттау және түгендеу ісін жыл соңына дейін аяқтау қажет екенін айтты.