https://sputnik.kz/20230213/astanalyq-darigerler-zhuregi-53-ret-toqtagan-ayel-32041253.html
Астаналық дәрігерлер бір күнде жүрегі 53 рет тоқтаған әйелді аман алып қалды
Астаналық дәрігерлер бір күнде жүрегі 53 рет тоқтаған әйелді аман алып қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Астаналық дәрігерлер бір тәулікте жүрегі 53 рет тоқтаған науқастың өмірін аман алып қалды. Бұл туралы №2 көпбейінді қалалық... 13.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-13T15:45+0500
2023-02-13T15:45+0500
2023-08-10T12:26+0500
денсаулық
әйел
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e5/05/13/17095190_0:320:3073:2048_1920x0_80_0_0_d5efcf2ee9d8f99bb6deec9210750392.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Астаналық дәрігерлер бір тәулікте жүрегі 53 рет тоқтаған науқастың өмірін аман алып қалды. Бұл туралы №2 көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлері әлеуметтік желіде жазды.Әйел 6 қаңтарда жедел жәрдем арқылы миокард инфарктімен өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен. 10 минуттан кейін оған ота жасалды. Аурухана дәрігерлері пациенттің өмірі үшін 35 күн бойы күрескен.Ақ халаттылар 35 күн бойы науқас өмірінен үміт үзген жоқ, монитор бойынша тұрақты бақылау жүргізіп отырды. Осы уақыт ішінде әйелде қан кетіп, кейін қабыну реакциясы, сепсис және ағзалар жүйесінің жеткіліксіздігі пайда болған."Пациенттің бірнеше рет өмірге оралуы, оны аяққа тұрғызып қана қоймай, ағзаның барлық функциясын сақтап қалу, тіпті мұндай оталарды бірнеше рет жасаған тәжірибелі реаниматологтардың өзі мұны "медициналық ғажайыпқа" балайды", - дейді кардио ИТБ меңгерушісі Расул Сағнаев."Науқас аман қалды, есін біледі, бақытымызға орай, миы зардап шеккен жоқ. Бұл қабылдау бөлімшесі дәрігерлерінің, интервенциялық кардиологтардың, кардиохирургтардың, кардио БИТ бөлімшесі кезекші дәрігерлерінің, медбикелер мен санитарлардың үлкен командалық жұмысы екенін атап өткім келеді. Біз үшін бұл – үлкен жеңіс", - деді кардио ИТБ аға ординаторы Сәбит Айнамқұлов.Қазіргі уақытта науқастың жағдайы бірқалыпты, интервенциялық кардиология бөлімшесіне ауыстырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/13/17095190_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_99a7cd330b711ad1828ee13ddb9a0187.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әйел, дәрігер
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Астаналық дәрігерлер бір тәулікте жүрегі 53 рет тоқтаған науқастың өмірін аман алып қалды. Бұл туралы №2 көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлері әлеуметтік желіде жазды.
Әйел 6 қаңтарда жедел жәрдем арқылы миокард инфарктімен өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен. 10 минуттан кейін оған ота жасалды. Аурухана дәрігерлері пациенттің өмірі үшін 35 күн бойы күрескен.
"Науқастың қан айналымы қайта-қайта тоқтап тұрған. Күні-түні оның жүрегі бірде "іске қосылып", кейде тіпті мүлдем қағысын тоқтатты. Бір күн ішінде жүрегі 53 рет тоқтады. Содан кейін жасанды жүрек пен өкпе қызметін атқаратын экстракорпоральды мембраналық оттегімен қанықтыру жүйесін қосуға тура келді", - дейді дәрігерлер.
Ақ халаттылар 35 күн бойы науқас өмірінен үміт үзген жоқ, монитор бойынша тұрақты бақылау жүргізіп отырды. Осы уақыт ішінде әйелде қан кетіп, кейін қабыну реакциясы, сепсис және ағзалар жүйесінің жеткіліксіздігі пайда болған.
"Пациенттің бірнеше рет өмірге оралуы, оны аяққа тұрғызып қана қоймай, ағзаның барлық функциясын сақтап қалу, тіпті мұндай оталарды бірнеше рет жасаған тәжірибелі реаниматологтардың өзі мұны "медициналық ғажайыпқа" балайды", - дейді кардио ИТБ меңгерушісі Расул Сағнаев.
"Науқас аман қалды, есін біледі, бақытымызға орай, миы зардап шеккен жоқ. Бұл қабылдау бөлімшесі дәрігерлерінің, интервенциялық кардиологтардың, кардиохирургтардың, кардио БИТ бөлімшесі кезекші дәрігерлерінің, медбикелер мен санитарлардың үлкен командалық жұмысы екенін атап өткім келеді. Біз үшін бұл – үлкен жеңіс", - деді кардио ИТБ аға ординаторы Сәбит Айнамқұлов.
Қазіргі уақытта науқастың жағдайы бірқалыпты, интервенциялық кардиология бөлімшесіне ауыстырылды.