Ақтөбе облысынан Тобыл стансасына дейін газ құбыры тартылады

© PhotoГаз
Газ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысынан Тобыл стансасына дейін магистральдық газ құбырын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуде айтты.
"Министрлік мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесіп, елді мекендерді одан әрі газдандыру және өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарын газбен қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысынан Тобыл стансасына дейін магистральдық газ құбырын салу мүмкіндігін қарастыруда", - деп жазылған энергетика министрлігінің хабарламасында.
2022 жылы газ өндіру мен өндіруді ынталандыру мақсатында заңнамалық түзетулер қабылданды, атап айтқанда:
тұтынушылардың 2 жаңа санаты енгізілді (ірі коммерциялық тұтынушылар мен майнерлер);
жер қойнауын пайдаланушылардан газ сатып алудың ынталандырушы жаңа формуласы әзірленді;
5 жылдық кезеңге тауар газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді реттейтін норма қабылданды. Бұл ұзақ мерзімді перспективада газ нарығы субъектілерінің қызметін жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұрын баға 1 жылға бекітілетін.
Газ саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары қабылданды, ол газдың ресурстық базасын ұлғайту, газға баға белгілеуді реформалау және азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін бағаны тежеу жөніндегі шараларды көздейді.
Сонымен қатар өңірде сұйытылған газға арналған 4 газ толтыру станциясы және 79 автомобильге газ құю станциясы бар. Облыс 2022 жылы 48,1 мың тонна сұйытылған газ тұтынған. Осы жылдың қаңтар айында шамамен 4,6 мың тонна тұтынылды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаларды мемлекеттік реттеуді сақтап, Қостанай облысы үшін сұйытылған газдың 1 литріне 70-75 теңге мөлшерінде шекті бөлшек сауда бағасын бекітті.
Вице-министрдің мәліметінше, 2023 жылы "Сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша" заң қабылданады деп болжанып отыр.
Айтакетері, Қостанайоблысында газдандыру деңгейі 58,3%-ға жетті, 485 мың адамтабиғи газғақосылды.
Жаңалықтар
0