https://sputnik.kz/20230213/almaty-petropavl-poyyzynda-er-adam-qyzdy-zorlamaq-boldy-32049253.html
"Алматы-Петропавл" пойызында ер адам қызды зорламақ болды – оқиғаның мән-жайы
"Алматы-Петропавл" пойызында ер адам қызды зорламақ болды – оқиғаның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. "Алматы-Петропавл" бағытындағы жолаушылар пойызында ер адам жас қызды зорламақ болды. Оны Ұлттық ұлан қызметкері тоқтатты, деп... 13.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-13T17:32+0500
2023-02-13T17:32+0500
2023-02-13T17:32+0500
қаңтар оқиғасы
алматы
петропавл
пойыз
https://sputnik.kz/img/1061/48/10614855_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_b02ef9ba4ce2b8ecf9bc26dc32b3f835.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. "Алматы-Петропавл" бағытындағы жолаушылар пойызында ер адам жас қызды зорламақ болды. Оны Ұлттық ұлан қызметкері тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық ұланның ресми сайтына сілтеме жасап. 10 ақпанда кешкі сағат 18.00 шамасында "Алматы-Петропавл" пойызында болған майор Еркін Жантурин купеден көмекке шақырған қыздың даусын естіген. Ал купеге жақындағанда біреу ішінен жауып алмақ болған. Бірақ ұландық есікті бар күшімен жұлқылап ашқан. Купенің бұрышында үрейленген қыз отырған. Жанында тұрған ер адам оны зорлауға тырысқан. Офицер оны ұстап алған. Қыздың өзі ұсталған ер адамды танымайды. Онымен бір купеде болған. Ұландық күдіктіні "Сарышаған" станциясында полиция қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі кезде Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.Айта кетері, 2021 жылда "Қазақстан темір жолы" АҚ әйелдер купесі бар алғашқы жолаушылар пойыздарын іске қосты. Пилоттық жоба "Алматы – Өскемен" және "Алматы – Маңғыстау" пойыздарында болды. Артынан бес бағытқа дейін артты. Алайда келесі жылы ер адамдар тарапынан шағымдар түсе бастаған.
https://sputnik.kz/20210610/116-mln-tenge-poyiz-kyz-tonau-17307625.html
алматы
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1061/48/10614855_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_ddb43e500739fc1fee00656255d97c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, петропавл, пойыз
"Алматы-Петропавл" пойызында ер адам қызды зорламақ болды – оқиғаның мән-жайы
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. "Алматы-Петропавл" бағытындағы жолаушылар пойызында ер адам жас қызды зорламақ болды. Оны Ұлттық ұлан қызметкері тоқтатты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ұлттық ұланның
ресми сайтына сілтеме жасап.
10 ақпанда кешкі сағат 18.00 шамасында "Алматы-Петропавл" пойызында болған майор Еркін Жантурин купеден көмекке шақырған қыздың даусын естіген. Ал купеге жақындағанда біреу ішінен жауып алмақ болған. Бірақ ұландық есікті бар күшімен жұлқылап ашқан. Купенің бұрышында үрейленген қыз отырған. Жанында тұрған ер адам оны зорлауға тырысқан. Офицер оны ұстап алған.
"Мен мейрамхана вагонынан кешкі ас ішкеннен кейін купеге келіп, тынығайын деп жатқанмын. Сол кезде жас қыздың көмек сұрап, айқайлаған даусын естідім. Купеге кірген кезде ер кісінің қызды қорлауға тырысып жатқанын байқадым және оны дереу ұстадым", - дейді майор Жантурин.
Қыздың өзі ұсталған ер адамды танымайды. Онымен бір купеде болған. Ұландық күдіктіні "Сарышаған" станциясында полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Қазіргі кезде Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетері, 2021 жылда "Қазақстан темір жолы" АҚ әйелдер купесі бар алғашқы жолаушылар пойыздарын іске қосты.
Пилоттық жоба "Алматы – Өскемен" және "Алматы – Маңғыстау" пойыздарында болды.
Артынан бес бағытқа дейін артты. Алайда келесі жылы ер адамдар тарапынан
шағымдар түсе бастаған.