https://sputnik.kz/20230212/qantar-oqigasy-taldyqorgan-kudiktiler-azaptagan-politseyler-32009025.html
Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда күдіктілерді азаптаған полицейлер сотталды
Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда күдіктілерді азаптаған полицейлер сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Талдықорған қалалық соты бес полицейге қатысты үкім шығарды. Барлығы қаңтар оқиғасы кезінде адам азаптады деп айыпталған, деп... 12.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-12T12:10+0500
2023-02-12T12:10+0500
2023-02-12T12:10+0500
қаңтар оқиғасы
талдықорған
https://sputnik.kz/img/1255/61/12556129_0:0:2048:1152_1920x0_80_0_0_f944279ca5317cde0b61fffce374b088.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Талдықорған қалалық соты бес полицейге қатысты үкім шығарды. Барлығы қаңтар оқиғасы кезінде адам азаптады деп айыпталған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сот материалдарына сәйкес, 2022 жылы 6 қаңтарда бесеуі азаматтық киім киіп алып, қалалық полицияның әкімшілік ғимаратында 23 күдіктіні азаптаған. Ұсталғандар бөлімшеге шабуыл жасап, қару-жарақ пен оқ-дәрі ұрлады деген күдікке ілінген.Прокурор біреуін бес жылға, екеуін төрт жылға, тағы екі полицейді үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал жәбірленушілер оларды кешіріп, соттан оларды бас бостандығынан айырмауды сұрады.Заң бойынша ондай қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жазаны жеңілдететін мән-жайлар да ескерілді. Атап айтқанда, полицейлер өз кінәсін толығымен мойындап, келтірген зиянды өз еркімен өтеп берді. Сосын төртеуінде кәмелетке толмаған балалары бар. Дегенмен, жазаны ауырлататын мән-жайлар бар. Біріншіден, тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде заң бұзған. Екіншіден, қабылдаған анттарын бұзды.Соттың шешімімен бес полицей кінәлі деп танылып, 3 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бесеуіне де 3 жылға құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды. Барлығы полиция қатарынан шығарылды.Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/61/12556129_256:0:1792:1152_1920x0_80_0_0_ae38ee05a18f417ba9298ec60b9d343d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талдықорған
Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда күдіктілерді азаптаған полицейлер сотталды
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Талдықорған қалалық соты бес полицейге қатысты үкім шығарды. Барлығы қаңтар оқиғасы кезінде адам азаптады деп айыпталған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот материалдарына сәйкес, 2022 жылы 6 қаңтарда бесеуі азаматтық киім киіп алып, қалалық полицияның әкімшілік ғимаратында 23 күдіктіні азаптаған. Ұсталғандар бөлімшеге шабуыл жасап, қару-жарақ пен оқ-дәрі ұрлады деген күдікке ілінген.
Прокурор біреуін бес жылға, екеуін төрт жылға, тағы екі полицейді үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал жәбірленушілер оларды кешіріп, соттан оларды бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Заң бойынша ондай қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жазаны жеңілдететін мән-жайлар да ескерілді. Атап айтқанда, полицейлер өз кінәсін толығымен мойындап, келтірген зиянды өз еркімен өтеп берді. Сосын төртеуінде кәмелетке толмаған балалары бар. Дегенмен, жазаны ауырлататын мән-жайлар бар. Біріншіден, тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде заң бұзған. Екіншіден, қабылдаған анттарын бұзды.
Соттың шешімімен бес полицей кінәлі деп танылып, 3 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бесеуіне де 3 жылға құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды. Барлығы полиция қатарынан шығарылды.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.