https://sputnik.kz/20230212/aqtobe-oblysy-buryngy-akim-qamau-32010722.html
Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі қамауға алынды
Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін айыпталды, деп хабарлайды "Мой город"... 12.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-12T13:56+0500
2023-02-12T13:56+0500
2023-02-12T13:56+0500
қоғам
ақтөбе облысы
бұрынғы әкім
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_231:547:2900:2048_1920x0_80_0_0_a82a95a6da89e9b2fcd1b169c7fa16b1.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін айыпталды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.10 ақпанда Ақтөбенің мамандандырылған соты экс-әкімді екі айға қамауға санкция берді. Ол Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 3-бөлігі (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану, жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет) бойынша айыпталып отыр.Осы қылмыс үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 000 АЕК-ке (17 250 000 теңге) дейін айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.Ермек Имантаев 2002 жылдың сәуірінде Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалған болатын. Осы лауазымда 2004 жылдың шілдесіне дейін болды. Одан кейін президент әкімшілігіне ауысып, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің инспекторы болды. Есеп комитетінде еңбек етті.2019 жылдың қараша айынан бастап 2021 жылдың наурызына дейін "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_569:552:2564:2048_1920x0_80_0_0_f8046b50b541a39b1fb1d3444d0ba45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, бұрынғы әкім
ақтөбе облысы, бұрынғы әкім
Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі қамауға алынды
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін айыпталды, деп хабарлайды
"Мой город" порталы.
10 ақпанда Ақтөбенің мамандандырылған соты экс-әкімді екі айға қамауға санкция берді. Ол Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 3-бөлігі (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану, жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет) бойынша айыпталып отыр.
Осы қылмыс үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 000 АЕК-ке (17 250 000 теңге) дейін айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
Ермек Имантаев 2002 жылдың сәуірінде Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалған болатын. Осы лауазымда 2004 жылдың шілдесіне дейін болды. Одан кейін президент әкімшілігіне ауысып, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің инспекторы болды. Есеп комитетінде еңбек етті.
2019 жылдың қараша айынан бастап 2021 жылдың наурызына дейін "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.