Өңірлер

Алматы облысында 50 жастағы әйелді өлтірмекші болған төрт күдікті ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Алматы облысында кісі өлтіруге оқталған төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
9 ақпан таңертең Шонжы ауылының аудандық ауруханасына 50 жастағы әйел бас жарақатымен жеткізілді.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 8-тармағы "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша Ұйғыр аудандық ПБ-де тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары мен Алматы қаласында тұратын 1999, 2001 және 2000 жылғы төрт күдікті ұсталды.
Тергеу барысында 9 ақпан сағат 04:00 шамасында күдіктілер пластикалық терезе арқылы үйге кіріп, әйелдің басын жаралағаны анықталды.
Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0