Өнеркәсіп құрылымы түбегейлі өзгереді – Смайылов

© Photo : Премьер-министрдің баспасөз қызметіҮкіметте Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды
Үкіметте Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Үкіметте Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев тұжырымдаманың орта және жоғарғы дәрежеде дайындалатын өнімдерді шығаруға бағдарланған технологиялық озық өнеркәсіп құруға бағытталғанын атап өтті.
Оның айтуынша, саланы дамытудың жүйелі шараларының ішінде өндірістерді шикізатпен қамтамасыз ету, жаңа кен орындарын игеру, өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту және ірі кәсіпорындардың айналасында ШОБ белдеуін құру жұмыстары бар.
"Тұжырымдама жобасы өңдеуші өнеркәсіп жобаларын 500 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыруды көздейді", - деп жазылған хабарламада.
Қарастырылып отырған кезеңде 147 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жалпы құны 33,1 трлн теңгеге 868 жаңа жоба іске қосылады деп болжануда.
Барлық жоспарланған іс-шараны жүзеге асыру нәтижесінде өндірістің нақты өсуін 2029 жылы 1,5 есе, ал негізгі капиталға салынатын инвестицияларды 19,8 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланған.
Премьер-министр Әлихан Смайылов тұжырымдама жобасы Қазақстанның өнеркәсіп құрылымын түбегейлі өзгертуге бағытталғанын, онда өңдеуші сектор негізгі орынды иеленетінін айтты.
Жалпы кеңеске қатысушылар құжатты мақұлдады. Смайылов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне құжатты мүдделі мемлекеттік органдармен келісіп, үкімет аппаратына енгізуді тапсырды.
Жаңалықтар
0