Екібастұзда жылу желілерін жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской областиАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатысқан кеңесте кеншілер қаласында жылу желілерін жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
"Біз магистральдық желілерде, жеткізуші және орамішілік желілерде, станцияның өзінде қатар жұмыс істеу қажеттігін түсінеміз", – деп атап өтті аймақ басшысы.
Оның айтуынша, төрт жылу магистралін жөндеу бойынша ЖСҚ дайындалуда және 15 ақпанда мемлекеттік сараптамадан өтеді. Станцияда сегіз қазандықты жөндеу бойынша ЖСҚ дайындалуда: оның бесеуі – су жылытқыш, үшеуі – энергетикалық.
"5-6 ай дайындауды қажет ететін жабдықтың негізгі түрлеріне "Екібастұзжылуоэнерго" акционерлері тапсырыс беріп қойған", – деді облыс әкімі.
Асайын Байхановтың сөзінше, 350 шақырымға жуық жылу желілерін жөндеу жұмыстары бойынша жол картасы бекітіліп, жұмыс учаскелерін бөлу жөніндегі меморандумға қол қойылған.
Кеңес соңында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жақында болған апат кезінде 70 үйдің 12 мың тұрғыны жылусыз қалғанын тағы да еске салып, қала билігін Екібастұз тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету мәселесін дұрыс шешу жолын қарастыруды тапсырды.
Роман Скляр - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2023
Өңірлер
Роман Скляр "Павлодарэнерго"АҚ бас директорын жұмыстан шығаруды талап етті
Жаңалықтар
0