Өңірлер

Абай облысында монша өртенді: екі адам зардап шекті

© Photo : ПС ДЧС СКОАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Абай облысында монша кешені өртеніп, екі ер адам зардап шекті.
10 ақпан күні кешкі сағат 7 шамасында Қаржаубайұлы көшесінде монша кешенінен өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Газгольдердің жеке тұрған үй-жайында газ ағып, жақын маңдағы жалпы ауданы 75 шаршы метр қазандыққа таралған.
"Өрт кезінде екі ер адам зардап шекті. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге 8 бірлік техника мен жеке құрамның 27 адамы жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0