Зеленский Еуропаға сапарында не туралы айтты

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуПрезидент Украины Владимир Зеленский выступает на саммите Европейского союза в Брюссел
Президент Украины Владимир Зеленский выступает на саммите Европейского союза в Брюссел - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Жазылу
Украина президентінің Еуропа бойынша турнесі аяқталды. Бірақ Батыстан әскери ұшақтар жолдауына қол жеткізу, яғни сапардың басты мақсаты орындалмады. Одақтастары Зеленскийді қалай қарсы алды және қандай техниканы мақұлмадағаны туралы РИА Новости жазды.
Украина басшысы алдымен Лондонға ат басын тіреп, британиялық премьер-министр Риши Сунакпен, король ІІІ Карлмен кездесті және парламентте сөз сөйледі.
Зеленскийдің Ұлыбритания астанасына келетіні туралы президент борты әуеге көтерілген кезде белгілі болды. Бұдан біраз бұрын Джо Байден америкалық конгресте Киевке "қанша қажет болса, сонша көмек көрсетілетіні" туралы мәлімдеген. Ақ үй басшысының бұл сөзі мұхиттың арғы бетіндегі серіктестер үшін мақұлдау белгісі іспеттес болды.
Ұлыбритания президенті Риши Сунак та Байден секілді одан әрі қолдау көрсетілетіні туралы Зеленскийге уәде етті. Оның айтуынша, Лондон "украин әскерилерін үйрету, жойғыш ұшақтарды басқару тәжірибесімен бөлісу" бойынша барлық күш-жігерді жұмсайды.
Зеленский өз кезегінде кезекті тосын әрекет жасады. Желтоқсанда ол америкалық конгреске Украина Қарулы күштерінің үндеуін жеткізіп, украин туын табыстады. Ал бұл жолы қауымдастық палатасына "Бізде бостарндық бар, оны қорғау үшін бізге қанат беріңдер" деген жазуы бар авиация шлемін ұсынды.
Желіде тіпті бұл әскери бас киім ресейлік ондаған жойғыш ұшақты атып түсірген "аңыз" ұшқышқа тиесілі екені туралы ақпарат тарады.
Біраз бұрын Сунак кеңсесінің өкілі жақын уақытта Украинаға әскери ұшақтар жөнелту жоспарда жоқ екенін, бірақ бұл мәселе талқыланатынын айтты. Шенеуніктің айтуынша, Eurofighter Typhoon жөнелту үшін Италия, Испания мен Германияның F-35 ұшақтары үшін АҚШ келісімі қажет.
Ал Ұлыбритания премьер-министрі жойғыш ұшақтардың жеткізілімі туралы тікелей айтпаса да, түсінікті түрде мұны меңзеді. "Украин ұшқыштарын даярлау НАТО стандарттарына сәйкес келетін заманауи әскери ұшақтарды басқаруға мүмкіндік береді", - деді Сунак.
Зеленский Лондоннан кейін Парижге аттанып, француз әріптесі Эммануэль Макронмен және Германиядан арнайы келген неміс канцлері Олаф Шольцпен кездесті. Еуроа елінің екі көшбасшысы да америкалық және британиялақ президенттер секілді қолдау көрсетілетіні туралы Зеленскийді сендірді. Бірақ нақты мәліметтер айтылған жоқ.
"Біз соңғы аптада қорғаныс жабдықтарын жеткізуге кірістік және бұл жұмыстарды жалғастыра береміз. Украинаның жедел қажеттіліктерін бірге талқылаймыз. Біз серіктестеріміз және одақтастарымызбен бірге толық үйлесімде әрекет етеміз", - деді Макрон.
Шольц танктерді жеткізу туралы жақында ғана қабылданған шешімдерді еске салып, "болашақта қанша қажет болса, соншалықты осындай шешім қабылданатынын" айтты.
Париждегі кездесуден кейін Зеленский Еуропарламент пен Еуроодақ саммитінде сөз сөйлеу үшін Макронмен бірге Брюссельге аттанды. Еуропа депутаттары алдында сөйлеген сөзінде Украина президенті елді саяси қолдау мәсеелесін де қозғады.
"Еуроодақ өз тарихында алғаш рет осындай ауқымды көлемдегі әскери көмек көрсеткелі жатыр. Сондай-ақ Еуропа елдеріндегі ішкі реформаларға оң баға беруге дайындалып жатыр деп ойлаймын. Біз Еуроодаққа жақындап келеміз және Украина Еуроодақ мүшесі болады", - деді Зеленский.
Еуропарламент басшысы Роберта Метсола Украина президентін қолдап, "енді Еуроодақ елдері Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын ұшақтар мен жүйелерді жеткізу туралы жедел шешім қабылдауы керек" екенін айтты.
Еуропалық кеңестегі төтенше отырыспен Зеленский турнесі аяқталды. Ол Еуроодақ басшыларына алғыс айтып, Киевке қару-жарақты көптеп жеткізуге шақырды.
Ал Макрон Брюссельдегі кездесуден кейін журналистерге Парижде ұшақтарды жеткізу туралы айтылмағананын мәлімдеді. Француз президентінің айтуынша, қазір ұзақ мерзімді перспективаны емес, келісілген қадамдарды талқылау әлдеқайда маңызды.
Ресей ғылым академиясының Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының Халықаралық қауіпсіздік орталығының жетекшісі, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Алексей Арбатов Украина әзірше ұшақтарды жеткізу туралы уәдемен қанағаттанады деп санайды.
"Еуропа Киевке сұрағанының бәрін бірден бере алмайды. Дегенмен Зеленский серіктестерін танктерді екі-үш айдан ерте беруге көндіруі мүмкін. Оның үстіне танктердің кейбіреуі қазір Шығыс Еуропада", - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, еуропалықтар үшін Украинаға ұшақтарды беру әлдеқайда күрделі және жауапты операция. Өйткені олардың қалай қолданылатынын, қайда жіберілетінін және немен жабдықталатынын бақылау қиын.
Еуропа институты жанындағы Германия зерттеулері орталығының жетекшісі Владислав Белов Еуроодақ басшыларының жойғыш ұшақтарды жеткізуден әзірге сенімді түрде бас тартып отырғанын айтты. Бұл әсіресе Шольц мәлімдемелерінен айқын байқалады. Германия канцлерінің пікірінше, бұл Ресей мен НАТО арасындағы соғыс қаупіне әкеледі.
Жаңалықтар
0