Үш облыста боранға байланысты жолдар жабылды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес 3 облыста ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 337 бірлік жол-пайдалану техникасы мен 636 маман жұмылдырылды, деп хабарлады "Қазавтожол".
Алматы облысында 2 учаске:
Тіркемелі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін "Алматы-Өскемен" тасжолындағы Қонаев-Шеңгелді арасы;
Автокөліктің барлық түрі үшін "Алматы-Шелек-Қорғас" тасжолындағы Байсейіт- Қорғас арасы.
Жамбыл облысында 1 учаске:
Көліктің барлық түрі үшін "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолындағы Кенен-Благовещенка арасы (ескі Қордай асуы арқылы жүруге болады).
Жетісу облысында 2 учаске:
Тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін "Алматы-Өскемен" тасжолындағы Шеңгелді-Қарабұлақ арасы;
"Алматы-Өскемен" тасжолындағы Қарабұлақ-Үшарал арасы жабылды.
Жаңалықтар
0