Сенат төрағасы Орталық Азия елдеріне ынтымақтастықтың бірнеше бағытын ұсынды

© Sputnik/Ертай СарбасовТүркістанда I парламентаралық форум басталды
Түркістанда I парламентаралық форум басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстан сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркістанда өтіп жатқан Орталық Азия елдерінің I парламентаралық форумының ашылуында Орталық Азияелдерінің жаңа сын-қатерлер жағдайында өзін ортақ мүдделері бар біртұтас аймақ, ортақ тарихи тағдыры және ортақ болашағы бар кеңістік ретінде көрсетуі маңызды екенін мәлімдеді.
Орталық Азияның ортақ бірегейлігі этникалық, тілдік, діни, рухани және тарихи жақындыққа негізделген, деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.
"Орталық Азияның болашағы тығыз ынтымақтастық пен сенімді диалогқа, сыртқы және ішкі сын-қатерлерге бірлескен жауаптарды әзірлеуге байланысты болады", - деп толықтырды ол.
Осы орайда Орталық Азия елдерінің парламентаралық форумы парламенттік диалог пен коммуникацияларды жандандырудың тиімді алаңы бола алады, деп есептейді сенат спикері.
Ол алдағы кезеңде парламентаралық ынтымақтастықтың бірнеше нақты бағытын талқылауды ұсынды.
Атап айтқанда, Орталық Азия мемлекеттерінің парламентаралық форумын өңірішілік мәселелер бойынша ұстанымдарды жақындастыруға арналған алаңға айналдыруға болады.
"Мен парламентарийлерге Орталық Азия дамуының негізгі бағыттарын және осы үдерістегі парламенттердің рөлін талқылауға арналған өздерінің тұрақты көпжақты платформасы қажет екеніне сенімдімін. Сонымен бірге өзара іс-қимылдың бұл форматы ынтымақтастыққа қайшы келмейді, керісінше ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ТүркПА және Ашхабад форматы аясындағы ынтымақтастығымызды нығайта түседі", - деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар форум форматы елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға және келісуге жақсы мүмкіндік жасайды.
Өңірдің транзиттік-көліктік әлеуетін іске асыру, тауар жеткізудің баламалы бағыттарын құру бүгінгі таңда маңызды болып отыр.
© Sputnik/Ертай СарбасовМәулен Әшімбаев
Мәулен Әшімбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Мәулен Әшімбаев
Сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыты шекаралас аймақтарда сауда-экономикалық және логистикалық хабтар желісін дамыту болып саналады.
Олар Орталық Азиядағы сауданы дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін негізгі нүкте бола алады, деп есептейді Әшімбаев.
Парламентаралық форум реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу алаңына да айналуы мүмкін.
Сенат спикерінің пікірінше, форумның әлеуетін аймақтың өзекті мәселелері – трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану, экологиялық және энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, басқа да мәселелерді шешу үшін пайдалану маңызды.
© Sputnik/Ертай СарбасовТүркістанда I парламентаралық форум басталды
Түркістанда I парламентаралық форум басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Түркістанда I парламентаралық форум басталды
Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, Орталық Азия халықтарының ортақ мәдени және рухани мұрасын сақтау және ілгерілету маңызды басымдық болып саналады.
Мәулен Әшімбаев Парламентаралық форумды жыл сайын Орталық Азия елдерінің бірінде өткізуді ұсынды.
"Тек астаналарда ғана емес, біздің халықтарымыз үшін қасиетті және мәдени-тарихи маңызы бар басқа да қалалардаөткізуге болады", - деп толықтырды ол.
Ол Өзбекстан Олий мәжілісі сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваға келесі жылы екінші форумды Самарқанда өткізуге дайындық жасағаны үшін алғысын білдірді.
Жаңалықтар
0