https://sputnik.kz/20230210/qyzylorda-oblysynda-iri-kurish-ondirushilerge-qatysty-tergeu-bastaldy-31974222.html
Қызылорда облысында ірі күріш өндірушілерге қатысты тергеу басталды
Қызылорда облысында ірі күріш өндірушілерге қатысты тергеу басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысындағы күрішті қайта өңдеуші-өндірушілерге қатысты бәсекелестікті қорғау... 10.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-10T14:08+0500
2023-02-10T14:08+0500
2023-02-10T14:08+0500
күріш
https://sputnik.kz/img/420/48/4204803_0:173:3072:1901_1920x0_80_0_0_a9576b577f1b2c14129a4a656bd2833b.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысындағы күрішті қайта өңдеуші-өндірушілерге қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеруді бастады.Статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстанда 2022 жылы күріш бағасы 36% қымбаттады. Қазіргі уақытта бағаның өсуі жалғасып жатыр, жыл басынан бері – 5,2%.Күріш өңдеуші өндірушілердің айтуынша, өсім шикізат бағасы (шала-тазартылмаған күріш) және ең төменгі жалақының өсуімен байланысты.Осы нарықта күрішті өңдеп-өндірумен 20-дан астам субъекті айналысады. Ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер судың азаюы (ҰСБ деректеріне сәйкес 10%-ға), тыңайтқыш қосалқы бөлшектер, жанар-жағармайдың қымбаттауы салдарынан күріш алқаптары қысқарғанын хабарлады.БҚДА күріш нарығына талдау жүргізіп, шикізат бағасының ең жоғары өсуі 2022 жылғы мамырда - 16%-ға, 2022 жылғы қыркүйекте 19%-ға төмендегенін анықтады. Сонымен қатар күріш өңдеуші-өндірушілердің қойған бағасы орта есеппен 25% өскен.Нәтижесінде БҚДА Қызылорда облысының өндірушілері күріш бағасын бір мезгілде ұстап тұрғанын анықтады.Осыған байланысты, БҚДА Қызылорда облысындағы күріш өндірушілерге қатысты келісілген іс-қимылдар бойынша 6 ескерту және Солтүстік Қазақстан облысындағы күрішті көтерме сатушының үстем жағдайды теріс пайдаланып, тең мәнді келісімдерге әртүрлі бағаны қолданғаны анықталған соң, 1 ескерту берілді.Солтүстік Қазақстан облысының күрішті көтерме сатушысы хабарламаны орындап, бағаны 5%-ға төмендетті.Ал Қызылорда облысында күрішті өңдеуші-өндірушілерге қатысты хабарламаны орындамау фактісі бойынша тергеп-тексеру тағайындалды.
https://sputnik.kz/20221206/qazaqstanda-kurish-zhetkilikti--auyl-sharuashylygy-ministri-30043578.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/420/48/4204803_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_d49fbdc1b14b75d889ea2e4c897a68e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күріш
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысындағы күрішті қайта өңдеуші-өндірушілерге қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеруді бастады.
Статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстанда 2022 жылы күріш бағасы 36% қымбаттады. Қазіргі уақытта бағаның өсуі жалғасып жатыр, жыл басынан бері – 5,2%.
Күріш өңдеуші өндірушілердің айтуынша, өсім шикізат бағасы (шала-тазартылмаған күріш) және ең төменгі жалақының өсуімен байланысты.
Осы нарықта күрішті өңдеп-өндірумен 20-дан астам субъекті айналысады. Ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер судың азаюы (ҰСБ деректеріне сәйкес 10%-ға), тыңайтқыш қосалқы бөлшектер, жанар-жағармайдың қымбаттауы салдарынан күріш алқаптары қысқарғанын хабарлады.
БҚДА күріш нарығына талдау жүргізіп, шикізат бағасының ең жоғары өсуі 2022 жылғы мамырда - 16%-ға, 2022 жылғы қыркүйекте 19%-ға төмендегенін анықтады. Сонымен қатар күріш өңдеуші-өндірушілердің қойған бағасы орта есеппен 25% өскен.
Нәтижесінде БҚДА Қызылорда облысының өндірушілері күріш бағасын бір мезгілде ұстап тұрғанын анықтады.
Осыған байланысты, БҚДА Қызылорда облысындағы күріш өндірушілерге қатысты келісілген іс-қимылдар бойынша 6 ескерту және Солтүстік Қазақстан облысындағы күрішті көтерме сатушының үстем жағдайды теріс пайдаланып, тең мәнді келісімдерге әртүрлі бағаны қолданғаны анықталған соң, 1 ескерту берілді.
Солтүстік Қазақстан облысының күрішті көтерме сатушысы хабарламаны орындап, бағаны 5%-ға төмендетті.
Ал Қызылорда облысында күрішті өңдеуші-өндірушілерге қатысты хабарламаны орындамау фактісі бойынша тергеп-тексеру тағайындалды.