Нұрлан Мәсімовке айыппұл салынды

© Photo : Пресс-служба КНБ РКНурлан Масимов
Нурлан Масимов - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Павлодар облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовтің бюджет қаражатын тиімсіз жұмсағаны дәлелденді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Павлодар қалалық соты таратқан мәліметке сәйкес, 2021 жылы қызметтік жануарларға жем сатып алуға 60 872 100 теңге бөлінген болатын. Алайда полиция департаменті 18 бас жылқыға арналған жем-шөптің бағасы 10 693 000 теңгеге артық көрсеткен.
2022 жылы осы заңбұзушылық тағы қайталанды. Былтыр 18 бас жылқыға 13 394 000 теңге бөлінді. Департамент жемді сатып алу бағасын 8 503 400 теңгеге артық жазды. Осылайша, бюджетті тиімсіз жоспарлаудың салдарынан мемлекет қаражаты тиімсіз жұмсалды. Сот әрбір іс бойынша Нұрлан Мәсімовке 214 410 теңге көлемінде айыппұл салуға шешім шығарды.
Айта кетері, Кәрім Мәсімовтың немері інісі әріптестерімен бірге қылмыстық жауапқа да тартылып отыр. Экс-полицейлерге 366-баптың 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде пара алу") және 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы ("Аса ірі мөлшерде өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру") бойынша айып тағылды.
Сонымен қатар Мәсімов 392-баптың 1-бөлігі ("Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту") бойынша айыпталды.
Жаңалықтар
0