https://sputnik.kz/20230209/soltustik-qazaqstanda-balalarga-zorlyq-korsetken-zhasospirim-sottaldy-31929321.html
Солтүстік Қазақстанда балаларға зорлық көрсеткен жасөспірім сотталды
Солтүстік Қазақстанда балаларға зорлық көрсеткен жасөспірім сотталды
Sputnik Қазақстан
Сотта жігіт өз кінәсін толық мойындап, жасан ісіне өкінді 09.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-09T10:54+0500
2023-02-09T10:54+0500
2023-02-09T10:54+0500
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/81/71/817191_0:0:5184:2916_1920x0_80_0_0_5030287d7a056d86762102216f9739e0.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақсу қаласына қарасты ауылдық округтердің бірінде тұратын кәмелетке толмаған азаматқа қатысты іс қаралды.17 жастағы жасөспірімге 2021 жылдың тамызында және 2022 жылдың тамызында екі кішкентай қызға (9 және 4 жастағы) қатысты сексуалдық зорлық жасады деген айып тағылды.Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды. Оның жасаған қылмысы аса ауыр санатқа жатады және 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Алайда сотталушы кәмелет жасына толмағандықтан, заң бойынша оған 10 жылдан аспайтын жаза мерзімі тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте сот жауапкершілікті жеңілдететін басқа да мән-жайларды, атап айтқанда, оның анасы ата-ана құқығынан айырылуын, соның салдарынан жасөспірім екі жыл бойы балалар үйінде тәрбиеленіп, одан кейін үлкен әпкесі оған қамқоршы ретінде белгіленгенін ескерді.Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар болмағандықтан, жаза ең жоғарғы жаза мерзімінің, яғни 10 жылдың төрттен үшінен аспауы керек. Сондықтан сотталушыға қатысты 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу туралы үкім шығарылды.Жәбірленушінің пайдасына азаматтық талапарызы бойынша кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілінен екі миллион теңге өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/81/71/817191_307:0:4915:3456_1920x0_80_0_0_de644c7ee9e299e91ade4bc977fffcb4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасөспірім
Солтүстік Қазақстанда балаларға зорлық көрсеткен жасөспірім сотталды
Сотта жігіт өз кінәсін толық мойындап, жасан ісіне өкінді
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақсу қаласына қарасты ауылдық округтердің бірінде тұратын кәмелетке толмаған азаматқа қатысты іс қаралды.
17 жастағы жасөспірімге 2021 жылдың тамызында және 2022 жылдың тамызында екі кішкентай қызға (9 және 4 жастағы) қатысты сексуалдық зорлық жасады деген айып тағылды.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды. Оның жасаған қылмысы аса ауыр санатқа жатады және 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Алайда сотталушы кәмелет жасына толмағандықтан, заң бойынша оған 10 жылдан аспайтын жаза мерзімі тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте сот жауапкершілікті жеңілдететін басқа да мән-жайларды, атап айтқанда, оның анасы ата-ана құқығынан айырылуын, соның салдарынан жасөспірім екі жыл бойы балалар үйінде тәрбиеленіп, одан кейін үлкен әпкесі оған қамқоршы ретінде белгіленгенін ескерді.
Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар болмағандықтан, жаза ең жоғарғы жаза мерзімінің, яғни 10 жылдың төрттен үшінен аспауы керек. Сондықтан сотталушыға қатысты 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу туралы үкім шығарылды.
Жәбірленушінің пайдасына азаматтық талапарызы бойынша кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілінен екі миллион теңге өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.