https://sputnik.kz/20230209/oz-koligin-orteuge-tapsyrys-bergen-tarazda-kino-ortalygynyn-direktory-ustaldy-31922689.html
Өз көлігін өртеуге тапсырыс берген: Таразда кино орталығының директоры ұсталды
Өз көлігін өртеуге тапсырыс берген: Таразда кино орталығының директоры ұсталды
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Таразда кино орталығының директоры қамауға алынды. Нұрлан Қанатов өз көлігін өртеуге тапсырыс берді деген күдікпен ұсталды, деп... 09.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-09T09:20+0600
2023-02-09T09:20+0600
2023-02-09T09:20+0600
тараз
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/22/69/226950_0:1452:3001:3140_1920x0_80_0_0_7489d0b50e6e756c3799c947a2c3418d.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Таразда кино орталығының директоры қамауға алынды. Нұрлан Қанатов өз көлігін өртеуге тапсырыс берді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады КТК.Қазір тәртіп сақшылары оның неліктен мұндай қадамға барғанын тексеріп жатыр. Бұл оқиға үш жарым ай бұрын болған. Нұрлан Қанатов сол кезде өзіне және отбасына қастандық жасалғанын айтып дабыл қаққан.Әлеуметтік желіде түрлі мәселе көтеретін белсенді бұл жағдайды өзінің қоғамдық жұмысымен байланыстырып және оның артында лауызымды шенділердің тұрғанын айтқан.Полицейлер техникаға қасақана от қойған адамның ұсталғанын жеткізді. Сөйтсе оған 41 жастағы белсендінің өзі тапсырыс беріпті. Қазір күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу басталды."Қанатовқа қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Пайдакүнемдік ниетпен көрінеу жалған сөйлеп, адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптағаны үшін жауапкершілік көзделген. Оның кінәсіне қатысты нақты дәлелдер бар. Өртеп жіберген адам анықталғаннан кейін Қанатов тергеуге түрлі жолмен кедергі келтіруге тырысты", - дейді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/22/69/226950_0:1171:3001:3421_1920x0_80_0_0_fe4405d766d265bd51fe4a7292bf2fb0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
тараз
Өз көлігін өртеуге тапсырыс берген: Таразда кино орталығының директоры ұсталды
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Таразда кино орталығының директоры қамауға алынды. Нұрлан Қанатов өз көлігін өртеуге тапсырыс берді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады
КТК. Қазір тәртіп сақшылары оның неліктен мұндай қадамға барғанын тексеріп жатыр.
Бұл оқиға үш жарым ай бұрын болған. Нұрлан Қанатов сол кезде өзіне және отбасына қастандық жасалғанын айтып дабыл қаққан.
Әлеуметтік желіде түрлі мәселе көтеретін белсенді бұл жағдайды өзінің қоғамдық жұмысымен байланыстырып және оның артында лауызымды шенділердің тұрғанын айтқан.
Полицейлер техникаға қасақана от қойған адамның ұсталғанын жеткізді. Сөйтсе оған 41 жастағы белсендінің өзі тапсырыс беріпті. Қазір күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу басталды.
"Қанатовқа қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Пайдакүнемдік ниетпен көрінеу жалған сөйлеп, адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптағаны үшін жауапкершілік көзделген. Оның кінәсіне қатысты нақты дәлелдер бар. Өртеп жіберген адам анықталғаннан кейін Қанатов тергеуге түрлі жолмен кедергі келтіруге тырысты", - дейді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.