Атырау облысында жол қызметкерлері ондаған көлікті қар құрсауынан шығарды

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2023
Жазылу
Кейінгі тәуліктерде Атырау облысының аумағында күн райы күрт нашарлап, қалың қар жауды
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстаумен айналысатын жол қызметтері ондаған көлікті қар құрсауынан шығарып алды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметі.
"7 ақпан сағат түнгі 00:00 шамасында "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы" республикалық трассасының айналма жолының 714 шақырымында (Жанбай кентінің жанында) автовоз қар құрсауында қалып, жолдың жүру бөлігін жауып тастады. Бұл ондаған жүк және жеңіл машиналардың кептелісіне әкелді", - деп түсіндірді жолшылар.
Атырау облысының жолшылары жедел көмек көрсетті. Жолшылар біріншіден арнайы техниканың көмегімен автовоз көлігін қар құрсауынан шығарып алды. Содан кейін Сазанқұрақ кен орнына дейін 60-тан астам машинадан тұратын колоннаны бірнеше қар тазалайтын арнайы техниканың көмегімен сүйемелдеді.
Қар құрсауынан шығарылғандардың қатарында шетел азаматтары да болды.
Көктайғақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2023
Қар, бұрқасын, көктайғақ: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады
Жаңалықтар
0