https://sputnik.kz/20230208/turkiyadagy-zilzala-turister-zholdamany-qaytaru-ushin-ne-isteui-kerek-31909553.html
Түркиядағы зілзала: туристер жолдаманы қайтару үшін не істеуі керек
Түркиядағы зілзала: туристер жолдаманы қайтару үшін не істеуі керек
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Түркияға сапарлауды жоспарлаған қазақстандық туристерден жолдаманың күшін жою немесе қайта брондау туралы мәдениет және спорт... 08.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-08T16:33+0500
2023-02-08T16:33+0500
2023-02-08T16:33+0500
түркия
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/426/23/4262379_0:200:1921:1280_1920x0_80_0_0_5e892a984a2cf811b4450879447dfb27.jpg
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Түркияға сапарлауды жоспарлаған қазақстандық туристерден жолдаманың күшін жою немесе қайта брондау туралы мәдениет және спорт министрлігі жанындағы туризм комитетіне өтініш түскен жоқ. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева хабарлады.Оның айтуынша, туристік жолдамадан бас тартқысы келетін азаматтар туроператорларға жүгіне алады, олар ілеспе комиссияларды ескере отырып және қызметтер шарттарында көрсетілген шығындарды шегеріп, қайта есеп айырысуы керек."Сонымен қатар туроператорлар демалыс күндерін, бағытын, баратын елді ауыстыру және тағы басқа баламалы опцияларды ұсына алады. Бүгінгі таңда Түркияның демалыс орындарында 254 қазақстандық турист бар", - деп атап өтті Мөлдір Әбдуәлиева.Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 балға жеткен жер сілкінісі болды. Біраз уақыттан кейін жер дүмпуі қайталанды. Соңғы мәлімет бойынша елде зілзала салдарынан 8,5 мыңнан астам адам қаза тапты.
https://sputnik.kz/20230208/qazaqstan-azamaty-zhogalgan-provintsiyada-zher-silkinisi-qatty-boldy--elshi-31903835.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/426/23/4262379_67:0:1774:1280_1920x0_80_0_0_6dfe3702f86f23c78400296db1833084.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, жер сілкінісі
Түркиядағы зілзала: туристер жолдаманы қайтару үшін не істеуі керек
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Түркияға сапарлауды жоспарлаған қазақстандық туристерден жолдаманың күшін жою немесе қайта брондау туралы мәдениет және спорт министрлігі жанындағы туризм комитетіне өтініш түскен жоқ. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева хабарлады.
Оның айтуынша, туристік жолдамадан бас тартқысы келетін азаматтар туроператорларға жүгіне алады, олар ілеспе комиссияларды ескере отырып және қызметтер шарттарында көрсетілген шығындарды шегеріп, қайта есеп айырысуы керек.
"Сонымен қатар туроператорлар демалыс күндерін, бағытын, баратын елді ауыстыру және тағы басқа баламалы опцияларды ұсына алады. Бүгінгі таңда Түркияның демалыс орындарында 254 қазақстандық турист бар", - деп атап өтті Мөлдір Әбдуәлиева.
Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 балға жеткен жер сілкінісі болды. Біраз уақыттан кейін жер дүмпуі қайталанды. Соңғы мәлімет бойынша елде зілзала салдарынан 8,5 мыңнан астам адам қаза тапты.