https://sputnik.kz/20230208/turkiyada-qazaqstan-azamaty-zhogaldy-31871535.html
Түркияда Қазақстан азаматы жоғалды
Түркияда Қазақстан азаматы жоғалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Түркияда қазақстандық Мирус Құрмашев жоғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 08.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-08T08:32+0500
2023-02-08T08:32+0500
2023-02-08T08:33+0500
түркия
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/02/07/31867800_0:12:1024:588_1920x0_80_0_0_8b48b39a0fb40a022e99104015bb0aef.jpg
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Түркияда қазақстандық Мирус Құрмашев жоғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін желіде Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашевтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған. Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған. Содан бері онымен байланыс үзілген.Отбасы мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіріп жатыр. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл ақпаратты растады. Түнде Мирустың бауыры, достары мен қазақстандық еріктілер Түркияға ұшып кетті. Айта кетері, Түркияда болған жер сілкінісінің магнитудасы 7,7 балл болған. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 4 мыңнан астам адам қаза тапты, 20 мыңнан артық адам зардап шекті.
https://sputnik.kz/20230208/toqaev-turkiyaga-1-million-dollar-zhiberudi-tapsyrdy-31871077.html
түркия
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/07/31867800_65:0:973:681_1920x0_80_0_0_d22ef01db2e687315dd6765afc48fb29.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, қазақстан
Түркияда Қазақстан азаматы жоғалды
08:32 08.02.2023 (жаңартылды: 08:33 08.02.2023) АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Түркияда қазақстандық Мирус Құрмашев жоғалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін желіде Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашевтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған. Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған. Содан бері онымен байланыс үзілген.
Отбасы мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіріп жатыр.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл ақпаратты растады. Түнде Мирустың бауыры, достары мен қазақстандық еріктілер Түркияға ұшып кетті.
Айта кетері, Түркияда болған жер сілкінісінің магнитудасы 7,7 балл болған. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 4 мыңнан астам адам қаза тапты, 20 мыңнан артық адам зардап шекті.