Қазақстан құтқарушылары Түркияда зілзаланың салдарын жоюға кірісті – видео

© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана Қазақстанның құтқарушылары Түркияда зілзаланың салдарын жоюға кірісті
Қазақстанның құтқарушылары Түркияда зілзаланың салдарын жоюға кірісті - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстанның құтқарушылары Газиантеп қаласындағы Ибраhимли ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Құтқару жасағы екі топқа бөлінді. Біріншісі қирайын деп тұрған алты қабатты үйге жіберілді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ішінде адамдар қалуы мүмкін. Осыған байланысты алдымен кинологтар шықты.
"Егер адам табылса, иттер тиісті белгі беріп, оларды үйінді арасынан шығарып алу жұмыстары басталады", - дейді мамандар.
Ал екінші топ толығымен қираған тұрғын үйді қопаруға аттанды. Ол үйде де адамдар болуы мүмкін. Осы уақытқа дейін үйінді астынан қайтыс болған бір адамның денесі шығарылды.
Қазақстандық құтқарушылар екі нысанда адам болу фактілері толық жойылғанға дейін жұмыс істейді.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға құтқарушылардың тағы бір бортын жіберуге тапсырма берді. Екінші эшелонның құрамына 60 маман енді. Олардың ішінде құтқарушылар, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен кинологтар бар.
Жаңалықтар
0