Инфографика

Мәжіліс және мәслихат сайлауы туралы не білу керек

Жазылу
Алдағы мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихатар сайлауына дайындықтың күнтізбелік жоспары туралы Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіздер
Қазақстанда бүгін кезектен тыс мәжіліс пен мәслихат сайлауына дайындық аясында кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталады.
Республикадағы барлық тіркелген жеті саяси партия съездерде партиялық тізім бойынша және бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсетін партия мүшелерінің кандидатурасын бекітті.
Өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға қатысуға ниет білдірген азаматтар тиісті аймақтық сайлау комиссияларына құжаттарды өз бетінше ұсынады.
Сайлауға дайындықтың күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды тіркеу 18 ақпанға дейін жүргізіліп, одан кейін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлауалды үгіт-насихат тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, 18 наурызда тыныштық күнін өткізу үшін дауыс беру күніне бір күн қалғанда аяқталады.
Еске салсақ, 19 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілісті таратты. Палата депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызға белгіленді. Парламент сайлауымен қатар қазақстандықтар барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын да сайлайды.
Жаңалықтар
0