https://sputnik.kz/20230208/europa-soz-bostandygyn-reseyden-qorgap-zhur-31930530.html
Еуропа сөз бостандығын Ресейден қорғап жүр
Еуропа сөз бостандығын Ресейден қорғап жүр
Sputnik Қазақстан
Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Еуроодақта ресейлік БАҚ жұмысына тыйым салуға байланысты "біз сөз бостандығын шектеп жатқан... 08.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-08T18:08+0500
2023-02-08T18:08+0500
2023-02-14T18:08+0500
еуропа
https://sputnik.kz/img/07e6/04/08/24076859_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_4bc6f3b9412336d0daf162a9f4decbac.jpg
Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Еуроодақта ресейлік БАҚ жұмысына тыйым салуға байланысты "біз сөз бостандығын шектеп жатқан жоқпыз, керісінше, оны қорғап жатырмыз" деген пікір білдірді. Бұл туралы ЕО өкілі Жозеп Боррель Брюссельде өтіп жатқан жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі конференцияда айтты, деп жазды РИА Новости .Сонымен Еуроодаққа ұнамсыз көзқарас бойынша ақпарат жариялау сөз бен ойға цензура емес, керісінше ол екеуінің бостандығын білдіреді екен. Бұл мәселе егжей-тегжейлі қарастырылмаған: ресейлік БАҚ, ресейлік журналистер және Ресейдің атынан жарияланғанның барлығы алдын ала жалған ақпарат ретінде танылады. Біріккен Еуропаның бүкіл сыртқы саясатына жетекшілік ететін Еурокомиссия төрағасының орынбасары айтқан пікірді осылай ғана түсіндіруге болады.Боррель "нарративтер соғысы" деп атаған өзгеше ойлау мен өзгеше әрекетке бүгінде Еуропада тыйым салынған. Әзірше бұл тек геосаяси қақтығысқа ғана қатысты. Бұл қақтығыста Брюссель қос тараптың бірі болып отыр."Дағдарыс кезінде қоғамдық қолдау мен бір ортаға шоғырлану қажет. Ал орыстар өз позицияларын насихаттап, өз фактілері мен идеяларын ұсынып жатыр. Егер ресейліктер Украинаны қолдауға қатысты қазіргі тактика мен болашақ стратегияның дұрыстығына қатысты қоғамды күмән тудыра алса не болмақ? Онда еуропалықтар қоғамы қақ жарылып немесе ыдырауы мүмкін. Ал бұл үлкен қауіп. Міне, Еуроодақ өкілдері осындай ойды ұстанатын секілді", - деп жазды мақала авторы. Оның пікірінше, ыдыраудан кейін сенімсіздік, сенімсіздіктен іс-әрекетті мақұлдау рейтингінің төмендеуі, рейтингтер төмендеуінен кейін қоғамдық наразылықтар, дүрбелең туындауы ықтимал.Қазір экономикалық дағдарыс күннен-күнге ушығып жатқан шақта мұндай ахуал қалыптастырудың қажеті жоқ. Сондықтан Ресейді қолдайтын кез келген ақпарат пен оны таратушыларды бұғаттап, ал Ресейге қарсы тараптарға мейлінше қолдау, соның ішінде қаржылық қолдау көрсету қажет.Ресейлік БАҚ-қа тыйым салуды "сөз бостандығын қорғау" деп таныған жалпы еуропалықтар үшін саясаты өздеріне ұнамайтын елдің бұқаралық ақпарат құралдарына тосқауыл қоюдан бастаса, келесі қадам сол елдің авторларының кітаптарына тыйым салу болуы мүмкін. Бұл қазірдің өзінде болып жатыр. Әзірге Ескі Еуропаның орталығында емес, оның шығыс шекараларында осындай жағдай тіркелді.Содан кейін бұл ұстаным иелері "жаңа этика, идеологияға және тарихи сәттерге сәйкес келмейтін" авторлардың кітаптарын жаппай өртеуге ұласуы ықтимал. Еске салсақ, кітаптарды өртеу осыдан 90 жыл бұрын, 1933 жылдың мамырында "германиялық емес рухқа қарсылық акциясы" аясында Берлиндегі Опернплацта өтті. Осы тұста "германиялық емес" деген ұғымды "жалпыеуропалық емес" деген сөзбен алмастырса, онда тарих қайталанып жатқанын байқауға болады.Дәл сол 1933 жылы БАҚ-қа қарсы репрессия кітап өртеден бірнеше ай бұрын ғана басталды. Сондықтан сол кездегі саяси мейнстримге қарсы пікір білдірген журналистер түрмеге және концлагерьлерге жабылды. Сол себепті бұл оқиғалардың қазір де қайталанып жатқанын түсіну керек.
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/08/24076859_118:0:2847:2047_1920x0_80_0_0_46760dcea5f0a86d895a2d8edd7f6d66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропа
Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Еуроодақта ресейлік БАҚ жұмысына тыйым салуға байланысты "біз сөз бостандығын шектеп жатқан жоқпыз, керісінше, оны қорғап жатырмыз" деген пікір білдірді. Бұл туралы ЕО өкілі Жозеп Боррель Брюссельде өтіп жатқан жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі конференцияда айтты, деп жазды
РИА Новости .
Сонымен Еуроодаққа ұнамсыз көзқарас бойынша ақпарат жариялау сөз бен ойға цензура емес, керісінше ол екеуінің бостандығын білдіреді екен. Бұл мәселе егжей-тегжейлі қарастырылмаған: ресейлік БАҚ, ресейлік журналистер және Ресейдің атынан жарияланғанның барлығы алдын ала жалған ақпарат ретінде танылады. Біріккен Еуропаның бүкіл сыртқы саясатына жетекшілік ететін Еурокомиссия төрағасының орынбасары айтқан пікірді осылай ғана түсіндіруге болады.
Боррель "нарративтер соғысы" деп атаған өзгеше ойлау мен өзгеше әрекетке бүгінде Еуропада тыйым салынған. Әзірше бұл тек геосаяси қақтығысқа ғана қатысты. Бұл қақтығыста Брюссель қос тараптың бірі болып отыр.
"Дағдарыс кезінде қоғамдық қолдау мен бір ортаға шоғырлану қажет. Ал орыстар өз позицияларын насихаттап, өз фактілері мен идеяларын ұсынып жатыр. Егер ресейліктер Украинаны қолдауға қатысты қазіргі тактика мен болашақ стратегияның дұрыстығына қатысты қоғамды күмән тудыра алса не болмақ? Онда еуропалықтар қоғамы қақ жарылып немесе ыдырауы мүмкін. Ал бұл үлкен қауіп. Міне, Еуроодақ өкілдері осындай ойды ұстанатын секілді", - деп жазды мақала авторы.
Оның пікірінше, ыдыраудан кейін сенімсіздік, сенімсіздіктен іс-әрекетті мақұлдау рейтингінің төмендеуі, рейтингтер төмендеуінен кейін қоғамдық наразылықтар, дүрбелең туындауы ықтимал.
Қазір экономикалық дағдарыс күннен-күнге ушығып жатқан шақта мұндай ахуал қалыптастырудың қажеті жоқ. Сондықтан Ресейді қолдайтын кез келген ақпарат пен оны таратушыларды бұғаттап, ал Ресейге қарсы тараптарға мейлінше қолдау, соның ішінде қаржылық қолдау көрсету қажет.
Ресейлік БАҚ-қа тыйым салуды "сөз бостандығын қорғау" деп таныған жалпы еуропалықтар үшін саясаты өздеріне ұнамайтын елдің бұқаралық ақпарат құралдарына тосқауыл қоюдан бастаса, келесі қадам сол елдің авторларының кітаптарына тыйым салу болуы мүмкін. Бұл қазірдің өзінде болып жатыр. Әзірге Ескі Еуропаның орталығында емес, оның шығыс шекараларында осындай жағдай тіркелді.
Содан кейін бұл ұстаным иелері "жаңа этика, идеологияға және тарихи сәттерге сәйкес келмейтін" авторлардың кітаптарын жаппай өртеуге ұласуы ықтимал. Еске салсақ, кітаптарды өртеу осыдан 90 жыл бұрын, 1933 жылдың мамырында "германиялық емес рухқа қарсылық акциясы" аясында Берлиндегі Опернплацта өтті. Осы тұста "германиялық емес" деген ұғымды "жалпыеуропалық емес" деген сөзбен алмастырса, онда тарих қайталанып жатқанын байқауға болады.
Дәл сол 1933 жылы БАҚ-қа қарсы репрессия кітап өртеден бірнеше ай бұрын ғана басталды. Сондықтан сол кездегі саяси мейнстримге қарсы пікір білдірген журналистер түрмеге және концлагерьлерге жабылды. Сол себепті бұл оқиғалардың қазір де қайталанып жатқанын түсіну керек.