https://sputnik.kz/20230208/elimizde-471-gidrotekhnikalyq-qurylysqa-zhondeu-qazhet-31904053.html
Елімізде 471 гидротехникалық құрылысқа жөндеу қажет
Елімізде 471 гидротехникалық құрылысқа жөндеу қажет
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 471 гидротехникалық құрылысты жөндеуден өткізу қажет. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла... 08.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-08T16:12+0500
2023-02-08T16:12+0500
2023-02-08T16:12+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/1323/90/13239093_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_faa8faa448644671500076fead796309.jpg
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 471 гидротехникалық құрылысты жөндеуден өткізу қажет. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында вице-министр республикалық баланстағы гидротехникалық құрылыстардың су тасқыны кезеңіне дайындығы баяндады.Оның айтуынша, республика аумағында барлығы 1806 тірек гидротехникалық құрылыс бар. Республикалық меншікте – 536, коммуналдық меншікте – 1011, жеке меншікте – 239, иесіз – 20.Экология министрлігі су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін жергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шараларды өткізу туралы ұсынымдар жіберді.Сондай-ақ ол республика аумағындағы ірі су қоймалардың орташа толу көрсеткіші 60-75%-ті құрайтынын атап өтті."Ірі су қоймаларына ағынның күтілетін көлемі – норма шегінде. Барлық су қоймасында су қабылдауға арналған бос көлемдер бар. Су қоймалары бекітілген жұмыс режиміне сәйкес жұмыс істеп жатыр", - деді вице-министр.Бұған дейін Азидуллин көктемгі кезеңде су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атаған болатын.
https://sputnik.kz/20230208/vitse-ministr-su-tasqyny-qaupi-zhogary-onirlerdi-atady-31903551.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1323/90/13239093_122:0:2853:2048_1920x0_80_0_0_78d868b9e073e5aa133ac545df7f2094.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Елімізде 471 гидротехникалық құрылысқа жөндеу қажет
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 471 гидротехникалық құрылысты жөндеуден өткізу қажет. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында вице-министр республикалық баланстағы гидротехникалық құрылыстардың су тасқыны кезеңіне дайындығы баяндады.
Оның айтуынша, республика аумағында барлығы 1806 тірек гидротехникалық құрылыс бар. Республикалық меншікте – 536, коммуналдық меншікте – 1011, жеке меншікте – 239, иесіз – 20.
"Биыл қаңтар айындағы жағдай бойынша 1322 гидротехникалық құрылыс зерттелді. 471 нысан жөндеуді талап ететіні анықталды, оның 327–сі коммуналдық меншікте, республикалық меншікте – 94, жеке меншікте – 44, алтауы – иесіз", - деді Азидуллин.
Экология министрлігі су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін жергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шараларды өткізу туралы ұсынымдар жіберді.
Сондай-ақ ол республика аумағындағы ірі су қоймалардың орташа толу көрсеткіші 60-75%-ті құрайтынын атап өтті.
"Ірі су қоймаларына ағынның күтілетін көлемі – норма шегінде. Барлық су қоймасында су қабылдауға арналған бос көлемдер бар. Су қоймалары бекітілген жұмыс режиміне сәйкес жұмыс істеп жатыр", - деді вице-министр.
Бұған дейін Азидуллин көктемгі кезеңде су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді
атаған болатын.