https://sputnik.kz/20230207/urydan-abden-zarezap-bolgan-uygyr-audanynyn-turgyndary-bas-koterdi--video-31856292.html
Ұрыдан әбден зәрезап болған Ұйғыр ауданының тұрғындары бас көтерді – видео
Ұрыдан әбден зәрезап болған Ұйғыр ауданының тұрғындары бас көтерді – видео
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының халқы мал ұрысынан әбден мезі болған. Құқық қорғаушылардан қайыр көрмедік деген олар Sputnik... 07.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-07T18:33+0500
2023-02-07T18:33+0500
2023-02-07T18:33+0500
ұрлық
https://sputnik.kz/img/07e7/02/07/31853172_0:109:1156:759_1920x0_80_0_0_beb525890a379a622cca6dbefd74fea9.jpg
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының халқы мал ұрысынан әбден мезі болған. Құқық қорғаушылардан қайыр көрмедік деген олар Sputnik Қазақстанға хабарласып, көмек сұрады.Ұйғыр ауданы Алматы облысынан 250 шақырым жерде орналасқан. Құрамында 14 ауылдық округ бар. Ауданда мал бағу қиын, өйткені ұры-қары тыныштық бермейді."Былтырдан бері 10-15 бас сиыр жоғалттым. Ұрылар ұсталады, бірақ оларды шығарып жіберіп жатыр. Оларға ешқандай жаза қолданып жатқан жоқ. Біздің Қазақстанда ұрыны жазалайтын заң бар ма? Біз мал бағамыз ба, жоқ өстіп ұрыларды іздеп жүреміз бе?", - дейді Сүмбе ауылының тұрғындары.Не аудандық соттан, не әкімдіктен қайыр көрмеген аудан тұрғындары ауылдардан жиналып бас көтерді."Барлығымыздың тірлігіміз – мал шаруашылығы. Биыл үш сиырымның әрқайсысын сойып тұрып ұрлап әкетті. Топ-тобымен айдап әкетіп жатыр. Ұрылардың жолын кесейік. Оларға тиісті жазасын қолдансын", - дейді аудан тұрғыны Әсенжан Мырзақожа.Әр үйден 7- 8 малдан, тіпті 15 ірі қараға дейін жоғалған."Мен Қырғызсай ауылынанмын. Үй жанынан таңдап-таңдап төрт бұқаны ұрлап кеткен. Полиция қамайды, сосын басқалар шығарып жібереді. Сот кешірім беріп шығарып жіберген", - дейді тұрғындар.Олардың айтуынша, аудан бойынша 500 бастай ірі қара жоғалған. Жайылымнан емес, үй іргесіндегі қорадан әкетіп жатыр. Мал ұрлығының салдарынан аудан тұрғыны 31 жастағы Әлішер Тілахметов өз-өзіне қол жұмсаған."Былтыр, яғни 2022 жылы ақпан-наурыз айларының бірінде полиция менің ініме жала жауып, "бір сиыр ұрладым" дегізіп қол қойдыртып алған. Содан сабылтып аудан орталығы Шонжыға шақыртып отырған. Осы биылғы жылы 29 қаңтарда інімді өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді. Інім суицид жасайтын күні біреу қайта-қайта хабарласып мазасын алған. Ақтам ауылында мал ұрлығын жасаған балаларды қамауға алады. Ильясов Бақниз Ниязович, Генахунов Сираждин Генахунович, Турганов Равиль ұсталып, қамалады, бірақ себепсіз 2,5 тәуліктен кейін үй қамаққа босатылады. Інім суицид жасаған күні оны күдікті Бақнияз іздеп барып, тауып алған. Бауырымның ұялы телефонына хабарласып, мазасын алған сол Бақнияз болуы да мүмкін", - дейді марқұмның әпкесі Балауса Тілахметова.Аудандық полиция бөлімі қолдан келген шараны істедік, бірақ сот шешімі бөлек болды, дейді."25 қаңтарда мал ұрлығын жасаған үш адамды ұстадық. Үшеуі де мал ұрлағанын мойындады. Бір тұрғынның 13 бас ірі қарасын, екі тұрғынның бір-бір ірі қарасын ұрлаған. Біз 48 сағатқа ғана қамай аламыз. Екі ай қамауда ұстау туралы сотқа өтініш жібердік. Біздің бұл өтінішімізді аудандық прокуратура да қолдады. Бірақ сот біздің өтінішімізді қанағаттандырмады. Үш күнге ғана үйқамақта ұстауға шешім шығарды. Егер сот солай шешім шығармағанда, біз әлі талай тергеу жұмыстарын жүргізер едік. Ал өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған жігітке қатысты нақты дәлел жоқ, қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық кодекстің "Өз-өзіне қол жұмсау" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді Ұйғыр аудандық полиция бөлімі басшысының тергеу жөніндегі орынбасары Тұражан Махамед.Аудандық полицияның айтуынша, екі айда тағы біраз қылмыстың беті ашылар еді. Алайда сот шешімі бұған кедергі келтірген. Үйғыр аудандық сотының екі жарым күнге үйқамақ алу туралы шешімі халықтың наразылығын тудырды.Ал аудан әкімі Шухрат Нурахуновтан аудан халқының жанайқайы туралы қандай да бір пікір алу мүмкін болмады.Облыстық сот Ұйғыр аудандық соты ұрыларды не үшін босатқанын былай түсіндірді:"Жәбірленуші өзіне келтірген шығынды толық өтеп бергенше үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды сұрады. Г, К және Т есімді күдіктілер өздеріне тағылған айыппен келісетінін және өкінетінін айтып кешірім сұрады. Күдіктілердің тұрақты жұмысы бар, тұрғылықты жері бар, жәбірленушіге келтірген зиянды толық өтеп берген", - деп мәлімдеді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер тергеуге кедергі келтірмейтінін және бұрын қылмыстық іс-әрекет жасамағанын айтып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды сұраған. Осылайша сот қаулысымен Үйғыр аудандық полициясының екі айға қамауда ұстау туралы өтініші қанағаттандырылмаған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/07/31853172_0:0:1156:867_1920x0_80_0_0_d35ef63aaef8d6979def1a2984588c19.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
ұрлық
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының халқы мал ұрысынан әбден мезі болған. Құқық қорғаушылардан қайыр көрмедік деген олар
Sputnik Қазақстанға хабарласып, көмек сұрады.
Ұйғыр ауданы Алматы облысынан 250 шақырым жерде орналасқан. Құрамында 14 ауылдық округ бар. Ауданда мал бағу қиын, өйткені ұры-қары тыныштық бермейді.
"Былтырдан бері 10-15 бас сиыр жоғалттым. Ұрылар ұсталады, бірақ оларды шығарып жіберіп жатыр. Оларға ешқандай жаза қолданып жатқан жоқ. Біздің Қазақстанда ұрыны жазалайтын заң бар ма? Біз мал бағамыз ба, жоқ өстіп ұрыларды іздеп жүреміз бе?", - дейді Сүмбе ауылының тұрғындары.
Не аудандық соттан, не әкімдіктен қайыр көрмеген аудан тұрғындары ауылдардан жиналып бас көтерді.
"Барлығымыздың тірлігіміз – мал шаруашылығы. Биыл үш сиырымның әрқайсысын сойып тұрып ұрлап әкетті. Топ-тобымен айдап әкетіп жатыр. Ұрылардың жолын кесейік. Оларға тиісті жазасын қолдансын", - дейді аудан тұрғыны Әсенжан Мырзақожа.
Әр үйден 7- 8 малдан, тіпті 15 ірі қараға дейін жоғалған.
"Мен Қырғызсай ауылынанмын. Үй жанынан таңдап-таңдап төрт бұқаны ұрлап кеткен. Полиция қамайды, сосын басқалар шығарып жібереді. Сот кешірім беріп шығарып жіберген", - дейді тұрғындар.
Олардың айтуынша, аудан бойынша 500 бастай ірі қара жоғалған. Жайылымнан емес, үй іргесіндегі қорадан әкетіп жатыр. Мал ұрлығының салдарынан аудан тұрғыны 31 жастағы Әлішер Тілахметов өз-өзіне қол жұмсаған.
"Былтыр, яғни 2022 жылы ақпан-наурыз айларының бірінде полиция менің ініме жала жауып, "бір сиыр ұрладым" дегізіп қол қойдыртып алған. Содан сабылтып аудан орталығы Шонжыға шақыртып отырған. Осы биылғы жылы 29 қаңтарда інімді өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді. Інім суицид жасайтын күні біреу қайта-қайта хабарласып мазасын алған. Ақтам ауылында мал ұрлығын жасаған балаларды қамауға алады. Ильясов Бақниз Ниязович, Генахунов Сираждин Генахунович, Турганов Равиль ұсталып, қамалады, бірақ себепсіз 2,5 тәуліктен кейін үй қамаққа босатылады. Інім суицид жасаған күні оны күдікті Бақнияз іздеп барып, тауып алған. Бауырымның ұялы телефонына хабарласып, мазасын алған сол Бақнияз болуы да мүмкін", - дейді марқұмның әпкесі Балауса Тілахметова.
Аудандық полиция бөлімі қолдан келген шараны істедік, бірақ сот шешімі бөлек болды, дейді.
"25 қаңтарда мал ұрлығын жасаған үш адамды ұстадық. Үшеуі де мал ұрлағанын мойындады. Бір тұрғынның 13 бас ірі қарасын, екі тұрғынның бір-бір ірі қарасын ұрлаған. Біз 48 сағатқа ғана қамай аламыз. Екі ай қамауда ұстау туралы сотқа өтініш жібердік. Біздің бұл өтінішімізді аудандық прокуратура да қолдады. Бірақ сот біздің өтінішімізді қанағаттандырмады. Үш күнге ғана үйқамақта ұстауға шешім шығарды. Егер сот солай шешім шығармағанда, біз әлі талай тергеу жұмыстарын жүргізер едік. Ал өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған жігітке қатысты нақты дәлел жоқ, қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық кодекстің "Өз-өзіне қол жұмсау" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді Ұйғыр аудандық полиция бөлімі басшысының тергеу жөніндегі орынбасары Тұражан Махамед.
Аудандық полицияның айтуынша, екі айда тағы біраз қылмыстың беті ашылар еді. Алайда сот шешімі бұған кедергі келтірген. Үйғыр аудандық сотының екі жарым күнге үйқамақ алу туралы шешімі халықтың наразылығын тудырды.
Ал аудан әкімі Шухрат Нурахуновтан аудан халқының жанайқайы туралы қандай да бір пікір алу мүмкін болмады.
Облыстық сот Ұйғыр аудандық соты ұрыларды не үшін босатқанын былай түсіндірді:
"Жәбірленуші өзіне келтірген шығынды толық өтеп бергенше үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды сұрады. Г, К және Т есімді күдіктілер өздеріне тағылған айыппен келісетінін және өкінетінін айтып кешірім сұрады. Күдіктілердің тұрақты жұмысы бар, тұрғылықты жері бар, жәбірленушіге келтірген зиянды толық өтеп берген", - деп мәлімдеді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер тергеуге кедергі келтірмейтінін және бұрын қылмыстық іс-әрекет жасамағанын айтып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды сұраған. Осылайша сот қаулысымен Үйғыр аудандық полициясының екі айға қамауда ұстау туралы өтініші қанағаттандырылмаған.