https://sputnik.kz/20230207/diqandarga-413-myn-tonna-dizel-otyny-zhenildikpen-beriledi-31851641.html
Диқандарға 413 мың тонна дизель отыны жеңілдікпен беріледі
Диқандарға 413 мың тонна дизель отыны жеңілдікпен беріледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге шаруаларға 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі. 07.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-07T21:52+0500
2023-02-07T21:52+0500
2023-02-07T21:52+0500
егістік
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/888/87/8888709_0:380:5760:3620_1920x0_80_0_0_7d6e391ec2f1470d3ff4c12d4852eef3.jpg
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге шаруаларға 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Дизель отынының тапшылығын, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының біркелкі жүктемесін болдырмау үшін дизель отынын жеткізу ақпан айынан бастап кесте бойынша біркелкі жүргізіледі.Дизель отынын жеткізу кезеңінде ауыл шаруашылығы министрлігі энергетика министрлігімен бірлесіп, өңірлерге МӨЗ-ден жөнелту кестесінің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізеді.2023 жылы облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, болжамды егіс алқаптары былтырғы көрсеткіштермен бірдей болады және 23 млн гектардан асады. Кем дегенде 18 мың гектарға қант қызылшасы егіледі. Сондай-ақ көкөніс, бақша және күріш дақылдарының алқабы кеңейеді деп болжанып отыр.
https://sputnik.kz/20230206/subsidiya-algan-diqandar-kokonisti-naryqtyq-bagamen-satuy-kerek--zhumangarin-31804639.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/888/87/8888709_629:0:5749:3840_1920x0_80_0_0_b4a6791749a6c1be9177067a1a5c9c1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
егістік, ауыл шаруашылығы
егістік, ауыл шаруашылығы
Диқандарға 413 мың тонна дизель отыны жеңілдікпен беріледі
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге шаруаларға 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Дизель отынының тапшылығын, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының біркелкі жүктемесін болдырмау үшін дизель отынын жеткізу ақпан айынан бастап кесте бойынша біркелкі жүргізіледі.
"Энергетика министрлігі ақпан айына дизель отынының кепілдік берілген көлемінің құнын МӨЗ-ден тоннасына 222 мың теңге деңгейінде айқындады. Жеткізу бойынша шығыстарды ескере отырып, қазақстандық шаруалар үшін жанармайдың түпкілікті құны жанармай құю станцияларының нарықтық бағасынан 15-20%-ға арзан болады", - деп жазылған хабарламада.
Дизель отынын жеткізу кезеңінде ауыл шаруашылығы министрлігі энергетика министрлігімен бірлесіп, өңірлерге МӨЗ-ден жөнелту кестесінің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізеді.
2023 жылы облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, болжамды егіс алқаптары былтырғы көрсеткіштермен бірдей болады және 23 млн гектардан асады. Кем дегенде 18 мың гектарға қант қызылшасы егіледі. Сондай-ақ көкөніс, бақша және күріш дақылдарының алқабы кеңейеді деп болжанып отыр.