https://sputnik.kz/20230207/bir-ay-15-myn-qandas-el-31826615.html
Бір ай ішінде 1,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Бір ай ішінде 1,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. 07.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-07T09:11+0500
2023-02-07T09:11+0500
2023-02-07T09:11+0500
қоғам
қандастар
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0f/18137508_0:106:1080:714_1920x0_80_0_0_dbd4f66cdf62b9d8a5066c80e5c326e5.jpg
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 ақпандағы жағдай бойынша 1 539 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 108,5 мың этникалық қазақ оралды.Жыл басынан бері Қазақстанға оралған қандастардың жартысы (50%) – Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден, 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден келген.Этникалық қазақтар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қоныстанды.Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ті және зейнеткерлер 8,2%-ті құрайды.Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 20,1%-і – жоғары білімді, 40,9%-і – орта кәсіби білімді, 35,2%-і – жалпы орта білімді және 3,8%-і білімі жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0f/18137508_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_9bcac2abbcead10b0b0497d11c7b1c92.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қандастар
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 ақпандағы жағдай бойынша 1 539 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 108,5 мың этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан бері Қазақстанға оралған қандастардың жартысы (50%) – Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден, 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден келген.
Этникалық қазақтар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қоныстанды.
Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ті және зейнеткерлер 8,2%-ті құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 20,1%-і – жоғары білімді, 40,9%-і – орта кәсіби білімді, 35,2%-і – жалпы орта білімді және 3,8%-і білімі жоқ.