Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Артемовск бағытында қақтығыс күшейді

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуРоссийские военные отдыхают между боевыми дежурствами
Российские военные отдыхают между боевыми дежурствами  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2023
Жазылу
Киев режимі мен НАТО-ның арнайы әскери операция аймағында ресейлік әскердің алға ілгерілеуіне тосқауыл болу әрекеті нәтиже бермейді. Украина Қарулы күштерінің соғысу қабілеті төмендеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Қақтығыс аумағында күштер теңгерімін өзгерту мақсатында Украина Қарулы күштері соғыс жүргізуде тыйым салынған әдістерді қолдануға дайын. Донецк Халық Республикасы билігінің өкілі Ян Гагин украин әскері Артемовск және Соледар бағытында химиялық қару қолданғаны туралы мәлімдеді. Егер радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің мамандары улаушы заттардың бар екенін растаса, Киев режимі осы қылмысы үшін де жауап береді.
Украина Қарулы күштерінің Артемовск бағытында шабуылдаушы ресейлік әскери бөлімшелерге қарсы "химия" қолдануы шарасыздық актісі болуы мүмкін. Себебі қоршау сақинасы бірте-бірте тығыздалып жатыр. Ресей әскерінің шабуылдау бөлімшелері мен "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясының жасақтары Артемовск/Бахмут қаласының солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс шеттерімен алға қарай қозғалып, қала орамдарын қарсыластан азат етіп жатыр.
Қолбасшылықтың бұйрығына қарамастан украин жауынгерлері қорғаныс позицияларын сақтап тұра алмай, Артемовскті тастап қашып жатыр. Бұған дейін арнайы әскери операцияның 11 айында Украина Қарулы күштерінің 257 мың сарбазы мен офицері көз жұмғаны туралы ақпарат тарады.
"Сонымен қатар Украинада 2 458 НАТО әскери қызметкері, соның ішінде АҚШ-тан келген 234 әскери нұсқаушы мерт болғаны анықталды. Украинадағы әскери іс-қимыл театрында НАТО қару-жарағы артқан сайын Вашингтон, Брюссель, Берлин мен Варшава шығыны да ұлғайып жатыр", - деп жазды Хроленко.
Украина президенті Владимир Зеленский өзінің кешкілік видеоүндеуінде ақпанның ортасында Ресей Қарулы күштері ауқымды шабуылға дайындалып жатқаны туралы хабарлады. Киев режимі наурызға қарай 200 мың әскер жасақтауды көздеп отыр. Сондықтан елде 1-65 жас аралығындағы азаматтарды жаппай майданға шақыру науқаны жүріп жатыр.
Мұнда әрекет пен сыбайлас жемқорлыққа қатысты дауға байланысты қорғаныс министрінің қызметтен кетуі украиндердің жағдайын ауырлата түседі. Әскери барлау қызметінің басшысы генерал-майор Кирилл Буданов отставкаға кеткен экс-министр – азаматтық адвокат Алексей Резниковқа қарағанда әлдеқайда қатал және Украина Қарулы күштерінің қазіргі шығынын қалыпты жағдай деп қарастыратын шенеунік.
Пентагон Киевтен резервтерді сақтап, әскерді Артемовсктен батысқа қарай дайындалған аймаққа алып кетуді талап етіп отыр. Бірақ Украина билігі демилитаризациялау және денацификациялау кері қайтарылмайтын процесс екенін ұғынып, мыңдаған укриан жауынгерін тиімсіз қарсы шабуыл жолында құрбан етпекші.
Артемовск/Бахмут бағытында соғысып жатқан Украина Қарулы күштерінің офицері Politico басылымына былай деп мәлімдеді: "Кейде позицияны қалдыру жеке құрамды мәнсіз өлімнен құтқарудың жалғыз жолы болады. Егер оқ-дәріні жеткізу мүмкін болмаса, онда соғысу құндылығы нөлге тең".
Ресей күштері күні кеше Славянск қаласынан екі шақырым қашықтықта орналасқан Николаевка ауылын азат етті. Бұл қуатты Украина Қарулы күштерінің Славянск-Краматорск бекініс аумағын ыдыратудың бастауы болды. Мариуполь, Северодонецк, Лисичанск немесе Артемовск – қарсыластың әскерін талқандау географиясы жеңіліс мәніне әсер етпейді. Днепрдің сол жағалауында Украина Қарулы күштерін "демилитаризациялаудан" кейін ресейлік күштер Украина астанасы мен батыс аймақтарын жылдамырақ азат ете алады.
Financial Times газетінің ақпараты бойынша, Ресейдің жаңа ірі ауқымды шабуылы алдағы 10 күнде, болжам бойынша Донецк Халық Республикасының оңтүстігінде және Луганск Халық Республикасының батыс бөлігінде (Кременная және Лиман қалаларының ауданында) басталады.
"Қарсы шабуылға әрекет жасау үшін Киев НАТО-дан жүздеген танк, жаяу әскерге арналған жауынгерлік машина, жойғыш ұшақ пен ірі калибрлі оқ-дәрі талап етеді. Батыс жеткізілімдерінің көлемі мен логистикасы әдетте Украина Қарулы күштерінің қажеттіліктерін мүлде қанағаттандырмайды. Asia Times басылымы Украина армиясы НАТО елдерінің жеткізуге уәде еткен ауыр қаруларымен де Ресей Қарулы күштеріне ұзақ төтеп бере алмайды деген қорытынды жасады", - деп жазды Хроленко.
Ал 19FortyFive аналитикалық журнапорталы былай деп жазды: "Батыстың қару-жарақ күшіне деген соқыр сенімі Ресей мен НАТО арасындағы тікелей әскери қақтығыс қаупін күрт арттырып жатыр". Еуропадағы көптеген саясаткер дәл осындай пікірде екені белгілі. Мысалы, Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Украинадағы қақтығыс салдарынан Үшінші дүниежүзілік соғыстың тұтануын жоққа шығармайды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0