Әлем

Түркияда 7,8 балдық жер сілкінісі болды - қайтыс болғандар бар

© AP Photo Сейсмограф
Сейсмограф - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 ақпан - Sputnik. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, дүйсенбі күні Түркияның Газиантеп қаласының маңында магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісі UTC 01.17-де тіркелген.

Ошағы Газиантептен 37 шақырым жерде орналасқан. Қала тұрғындарының саны 1 миллионнан асады. Ошақ 10 шақырым тереңдікте жатқан.
Түркияның Қахраманмараш қаласында жер асты дүмпулері жалғасып жатыр, деп хабарлайды TRT Haber.
"Қахраманмараштың Пазаржык аймағында магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері көптеген қалада сезілді. Жер сілкінісінен кейін дүмпулер жалғасып жатыр. Адияман, Диярбакыр және Малатияда ғимараттар опырылған, - деп хабарлады телеарна.
Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу барлық тиісті қызметтер дайын екенін хабарлады.
"Біз 4-деңгейдегі дабыл жарияладық. Бұл халықаралық көмекті те қажет ету мүмкін деңгей", - деді ол.
Қайтыс болғандар бар. Саны нақтыланып жатыр.
Жаңалықтар
0