https://sputnik.kz/20230206/ridder-zhylu-elektr-ortalygynda-zhap-zhana-qurylgy-isten-shyqty-31782221.html
Риддер жылу электр орталығында жап-жаңа құрылғы істен шықты
Риддер жылу электр орталығында жап-жаңа құрылғы істен шықты
АЛМАТЫ, 6 ақпан - Sputnik. Риддер жылу электр орталығында су жаңа құрылғы істен шықты. Осыған байланысты үйлерде температура төмендеп кетті. Бұл туралы қала... 06.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-06T10:57+0600
2023-02-06T10:57+0600
2023-02-06T10:57+0600
өңірлер
жылу электр орталығы
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/01/12/31211780_0:15:3115:1767_1920x0_80_0_0_57c9224bed012c4af5aae2202c584c1c.jpg
АЛМАТЫ, 6 ақпан - Sputnik. Риддер жылу электр орталығында су жаңа құрылғы істен шықты. Осыған байланысты үйлерде температура төмендеп кетті. Бұл туралы қала әкімі Дмитрий Горьков айтты. Дмитрий Горьковтың айтуынша, жөндеу жұмыстары кезінде температура режимін қалпына келтіру үшін 1 қазандық қондырғысы қосымша іске қосылған. Риддер ЖЭО-да болған апаттар Былтыр 5 қарашада Риддерде жылу орталығында апат болды. Салдарынан қаланың 22 мың тұрғын жылусыз қалып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов сол кездегі апатқа жылу электр орталығына жеткізілген сапасыз мазут себеп болғанын айтты.Тұрғындарды жылумен қамтамасыз етіп, қалыпты өмірге қайта оралу үшін үш апта уақыт кетті. 4 қаңтарда Риддер ЖЭО-да сорғы станциясы қайтадан су астында қалды. 2023 жылғы 19 қаңтарда таңертең нысанда өрт болды, орталық отынның басқа түріне – мазутқа ауыстырылды. "Риддер ЖЭО-да болған барлық апатқа сол жердегі басшылықтың немқұрайлығы мен өз ісіне деген жауапсыздығы себеп болды", - деді Даниал Ахметов. Риддерде орналасқан жылу электр станциясы "Риддер ЖЭО" акционерлік қоғамына тиесілі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/12/31211780_278:0:3007:2047_1920x0_80_0_0_1b78188c8532c690feee7d5e60ffa9f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
жылу электр орталығы
АЛМАТЫ, 6 ақпан - Sputnik. Риддер жылу электр орталығында су жаңа құрылғы істен шықты. Осыған байланысты үйлерде температура төмендеп кетті. Бұл туралы қала әкімі Дмитрий Горьков айтты.
"5 ақпанда конвейер таспасының қозғалтқышы істен шықты. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Көмір бункерлері толтырылып жатыр. Температура режимі үш сағат ішінде қалпына келтіріледі", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Дмитрий Горьковтың айтуынша, жөндеу жұмыстары кезінде температура режимін қалпына келтіру үшін 1 қазандық қондырғысы қосымша іске қосылған.
Риддер ЖЭО-да болған апаттар
Былтыр 5 қарашада Риддерде жылу орталығында апат болды. Салдарынан қаланың 22 мың тұрғын жылусыз қалып, қалада төтенше жағдай жарияланды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов сол кездегі апатқа жылу электр орталығына жеткізілген сапасыз мазут себеп болғанын айтты.
Тұрғындарды жылумен қамтамасыз етіп, қалыпты өмірге қайта оралу үшін үш апта уақыт кетті.
4 қаңтарда Риддер ЖЭО-да сорғы станциясы қайтадан су астында қалды. 2023 жылғы 19 қаңтарда таңертең нысанда өрт болды, орталық отынның басқа түріне – мазутқа ауыстырылды.
"Риддер ЖЭО-да болған барлық апатқа сол жердегі басшылықтың немқұрайлығы мен өз ісіне деген жауапсыздығы себеп болды", - деді Даниал Ахметов.
Риддерде орналасқан жылу электр станциясы "Риддер ЖЭО" акционерлік қоғамына тиесілі.