Саясат

Орталық Азияның парламентаралық форумында Түркістан декларациясы қабылданады

© PhotoАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Биыл 9-10 ақпанда Түркістан қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы өтеді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Парламентаралық форумға Орталық Азия мемлекеттерінің заң шығарушы органдарының спикерлері мен депутаттары қатысады деп жоспарлануда.
"Орталық Азияның бірінші парламентаралық форумын өткізу Орталық Азия елдерінің заң шығарушы органдары арқылы мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту үшін қосымша алаң құру процесін бастауға мүмкіндік береді", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Форум қорытындысы бойынша Түркістан декларациясын қабылдау жоспарлануда.
СІМ іс-шара былтыр шілдеде Қырғызстанда өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының төртінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында өткізілетінін атап өтті.
Жаңалықтар
0