Отбасы банкінің салымшыларына 175 млрд теңге аударылды

© Sputnik / Владислав ВодневОтбасы Банк
Отбасы Банк - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Отбасы банкінің 1, 9 миллионнан астам клиентінің шотына демалыс күндері мемлекеттік сыйлықақы түсті.
2022 жылдың қорытындысы бойынша депозиттерге барлығы 75 млрд теңге аударылды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Отбасы банкінің депозиттік қоры жыл сайын артып келеді. Соңғы 3 жылда ол 1 трлн теңгеден 2,1 трлн теңгеге дейін өсті. Өткен жылдың өзінде банкте рекордтық көлем, 618 мың жаңа депозит ашылды. Қазір банке 2,5 млн жинақ шоты бар.
Олардың ұлғаюына байланысты төленетін мемлекеттік сыйлықақы мөлшері де артып келеді. Мысалы 2021 жылдың соңында 1,7 млн салымшы жалпы көлемі 61,7 млрд теңге алды. Заңға сәйкес, банк клиенттеріне сыйлықақыны мемлекет төлейді. Осылайша ол өз азаматтарына тезірек ақша жинап, қолжетімді шарттармен баспана мәселесін шешуге септігін тигізеді.
Жинақ шоттары иелерінің жасы мөлшерлері әртүрлі. Мысалы, Отбасы банкінде 1 жасқа дейінгі балалардың атына 8 716 депозит ашылған. Ал салымы бар ең ересек клиент 96 жаста. Тіпті банкте 2003 жылдан бері, банк жұмысын алғаш бастаған уақытта ашылған, әлі күнге дейін толықтырылып жатқан шоттар да бар.
Мемлекеттік сыйлықақы – бұрын үстіне аталмыш сыйлықақы қосылмаған жинақтарға ғана аударылады. Яғни, биыл жинақталған қаражат пен өткен жылы сыйлақақы қосылмаған жинақтардың қалдығы есепке алынады. Егер өткен жылы депозитте жинақталған сома 200 АЕК-тен асып кетсе, онда сыйлақақысыз қалған айырма сома осы жылы мемлекеттік сыйлықақыны есептеу үшін ескеріледі.
Егер бір салымшының банкте бірнеше салымы болса, онда мемлекеттік сыйлықақы олардың біреуіне ғана есептеледі.
Еске сала кетейік, салымшы депозитте 3 жылдан аз уақыт аралығында қаражат жинап, оның шартын мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, мемлекеттік сыйлықақы бюджетке қайтарылады.
Мемлекеттік сыйлықақының ең жоғарғы мөлшері 2022 жылдың қорытындысы бойынша 122 520 теңгеге тең болды. ҚР тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңға сәйкес ол 200 АЕК-тен аспайтын сомаға қосылады. Өткен жылы бұл 612 600 теңге болды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары мемлекеттік сыйлықақы көлемі 138 000 теңгеге тең болады. Оған қол жеткізу үшін Отбасы банкіндегі шотқа кемінде 690 000 теңге (200 АЕК) жинақтау қажет. Ол үшін салымшылар ай сайын өз депозиттерін шамамен 57 000 теңгеге толықтырып отыруы тиіс.
Жаңалықтар
0