https://sputnik.kz/20230206/almatylyq-darigerler-qyzdyn-asqazanynan-shash-alyp-shyqty-foto-31790266.html
Алматылық дәрігерлер кішкентай қыздың асқазанынан 1 келі шаш алып шықты - фото
Алматылық дәрігерлер кішкентай қыздың асқазанынан 1 келі шаш алып шықты - фото
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Алматы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында дәрігерлер 11 жастағы балаға шұғыл ота жасады. Оның асқазанынан 1 келі... 06.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-06T12:17+0500
2023-02-06T12:17+0500
2023-02-06T12:17+0500
алматы
дәрігер
денсаулық
https://sputnik.kz/img/old/737/97/7379705_0:76:600:414_1920x0_80_0_0_ab38f8cf3dbc09f9e86fb59e34084281.jpg
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Алматы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында дәрігерлер 11 жастағы балаға шұғыл ота жасады. Оның асқазанынан 1 келі шаш алынды."Баланың іші ауырып, бір апта бойы құсып, тәбеті болмады. Оны жалпы әлсіздік мазалаған. Ауруханаға жатқызылғанға дейін қыз асқазан-ішек жолдарының бұзылуына байланысты амбулаторлық ем қабылдаған. Ақпанның 1-інде бала жедел аппендицит деген күдікпен қабылдау бөліміне жеткізілді. Бұл диагноз динамикалық бақылау барысында жоққа шығарылды", - дейді орталықтың бөлімнің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет. Қызға шұғыл түрде іш қуысы мүшелеріне УДЗ, эзофагогастродуоденоскопия жасалды. "Зерттеу нәтижелері асқазан қуысында көлемді түзілісті көрсетті. Асқазанда көптеген гетерогенді бөлшектен, шаш өрімінен және шырыштан тұратын лас қара түсті бөгде дене анықталды. Қорытынды: асқазанның трихобезоары", - дейді бөлім меңгерушісі Саматбек Мырзахмет. Дәрігерлер науқасқа наркозбен лапаротомия, гастротомия, асқазаннан бөгде затты алып тастау отасын жасады. Жұту салдарынан асқазан-ішек жолына түсетін бөгде денелер безоарлар деп аталады. Ең көп кездесетіні өсімдік тектес фитобезоарлар, олардың пайда болуының себебі - жаңғақ, інжір, жүзім, шабдалы, цитрус жемістері. Органикалық текті безоарлар кейбір дәрілік заттар, лак, шайырды жұтқанда асқазанда түзіледі. "Мұндай безоарлар шаш, қас және кірпігін жұлып, жұтатын патологиялық бейімділігі бар қыздарда кездесіп, триотротилломания деп аталады. Кейде үлкен трихобезоар асқазаннан ұлтабар мен аш ішекке дейін жетеді", – дейді медицина ғылымдарының кандидаты, балалар хирургы Сәуле Сүлейманова. Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының мәліметінше, бұл 2023 жылы "асқазанның трихобезоары" диагнозы қойылған алғашқы жағдай.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/737/97/7379705_0:20:600:470_1920x0_80_0_0_7123471d7315dcf48f03cc91bac61bbb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, дәрігер
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Алматы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында дәрігерлер 11 жастағы балаға шұғыл ота жасады. Оның асқазанынан 1 келі шаш алынды.
"Баланың іші ауырып, бір апта бойы құсып, тәбеті болмады. Оны жалпы әлсіздік мазалаған. Ауруханаға жатқызылғанға дейін қыз асқазан-ішек жолдарының бұзылуына байланысты амбулаторлық ем қабылдаған. Ақпанның 1-інде бала жедел аппендицит деген күдікпен қабылдау бөліміне жеткізілді. Бұл диагноз динамикалық бақылау барысында жоққа шығарылды", - дейді орталықтың бөлімнің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.
Қызға шұғыл түрде іш қуысы мүшелеріне УДЗ, эзофагогастродуоденоскопия жасалды.
"Зерттеу нәтижелері асқазан қуысында көлемді түзілісті көрсетті. Асқазанда көптеген гетерогенді бөлшектен, шаш өрімінен және шырыштан тұратын лас қара түсті бөгде дене анықталды. Қорытынды: асқазанның трихобезоары", - дейді бөлім меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.
Дәрігерлер науқасқа наркозбен лапаротомия, гастротомия, асқазаннан бөгде затты алып тастау отасын жасады.
"Асқазан қуысында 16*6*5 см, салмағы 1000 г үлкен көлемдегі тығыз, көптеген шаштан тұратын тамақ массасы мен шырыш жабысқан конгломератпен бейнеленген бөтен дене (трихобезоар) табылып, шығарылды", - деді балалар хирургі Сәуле Сүлейманова.
Жұту салдарынан асқазан-ішек жолына түсетін бөгде денелер безоарлар деп аталады. Ең көп кездесетіні өсімдік тектес фитобезоарлар, олардың пайда болуының себебі - жаңғақ, інжір, жүзім, шабдалы, цитрус жемістері. Органикалық текті безоарлар кейбір дәрілік заттар, лак, шайырды жұтқанда асқазанда түзіледі.
"Мұндай безоарлар шаш, қас және кірпігін жұлып, жұтатын патологиялық бейімділігі бар қыздарда кездесіп, триотротилломания деп аталады. Кейде үлкен трихобезоар асқазаннан ұлтабар мен аш ішекке дейін жетеді", – дейді медицина ғылымдарының кандидаты, балалар хирургы Сәуле Сүлейманова.
Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының мәліметінше, бұл 2023 жылы "асқазанның трихобезоары" диагнозы қойылған алғашқы жағдай.