https://sputnik.kz/20230205/qyzylordada-tomat-pastasyn-ondiretin-zauyt-salynyp-zhatyr-31776228.html
Қызылордада томат пастасын өндіретін зауыт салынып жатыр
Қызылордада томат пастасын өндіретін зауыт салынып жатыр
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қызылордада қазақ-түрік кәсіпорны томат пастасын өндіретін зауыт салады. Құны 13,5 миллиард теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 24 мың... 05.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-05T19:00+0600
2023-02-05T19:00+0600
2023-02-05T19:00+0600
қызылорда
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/old/981/95/9819526_0:9:3077:1739_1920x0_80_0_0_4f74a30841c206afb9dd2c22c61c421b.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қызылордада қазақ-түрік кәсіпорны томат пастасын өндіретін зауыт салады. Құны 13,5 миллиард теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 24 мың тонна өнім шығара алады."Елді индустрияландыру бағдарламасы аясында "Қызылорда-Агроплюс" ЖШС Түркияның KOÇ Holding компаниясымен бірлесе отырып, томат пастасын өндіру жобасын жүзеге асырып жатыр. Кәсіпорын құрылысына аймақтағы Жаңақорған ауданынан отыз гектар жер телімі бөлінді", - деп хабарлады облыс әкімдігіндегілер.Жобаны серіктестер тең үлеспен қаржыландырады. Кәсіпорынға көптеген шикізат, яғни жаңа піскен қызанақ қажет болады.Өткен жылы облыстың оңтүстігінде тамшылатып суару технологиясы бойынша 10 гектар жерге сынақ ретінде қажетті сұрыптағы қызанақ егілді. Жиналған өнім көрсеткіші жаман болған жоқ. Диқандар суармалы су тапшылығы жағдайында қажетті сұрыптағы қызанақ өсіру тәжірибесіне қол жеткізді.Фермерлер қызанақ жобасына шикізат жеткізушілері ретінде қатыса алады. Зауыт іске қосылғанда 154 жұмыс орны ашылады. 2025 жылға дейін жобаны толық жүзеге асыру жоспарланып отыр.
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/981/95/9819526_133:0:2864:2048_1920x0_80_0_0_9fd913f8b492ff38b012fe137c2d83b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
қызылорда
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қызылордада қазақ-түрік кәсіпорны томат пастасын өндіретін зауыт салады. Құны 13,5 миллиард теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 24 мың тонна өнім шығара алады.
"Елді индустрияландыру бағдарламасы аясында "Қызылорда-Агроплюс" ЖШС Түркияның KOÇ Holding компаниясымен бірлесе отырып, томат пастасын өндіру жобасын жүзеге асырып жатыр. Кәсіпорын құрылысына аймақтағы Жаңақорған ауданынан отыз гектар жер телімі бөлінді", - деп хабарлады облыс әкімдігіндегілер.
Жобаны серіктестер тең үлеспен қаржыландырады. Кәсіпорынға көптеген шикізат, яғни жаңа піскен қызанақ қажет болады.
Өткен жылы облыстың оңтүстігінде тамшылатып суару технологиясы бойынша 10 гектар жерге сынақ ретінде қажетті сұрыптағы қызанақ егілді. Жиналған өнім көрсеткіші жаман болған жоқ. Диқандар суармалы су тапшылығы жағдайында қажетті сұрыптағы қызанақ өсіру тәжірибесіне қол жеткізді.
Фермерлер қызанақ жобасына шикізат жеткізушілері ретінде қатыса алады. Зауыт іске қосылғанда 154 жұмыс орны ашылады. 2025 жылға дейін жобаны толық жүзеге асыру жоспарланып отыр.