https://sputnik.kz/20230205/askhat-aymagambetov-otstavkaga-ketkennen-keyin-ne-istep-zhurgenin-aytty-31773193.html
Асхат Аймағамбетов отставкаға кеткеннен кейін не істеп жүргенін айтты
Асхат Аймағамбетов отставкаға кеткеннен кейін не істеп жүргенін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жақын уақытта елордадағы беделді оқу орындарының бірінде оқытушы қызметіне... 05.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-05T12:41+0500
2023-02-05T12:41+0500
2023-02-05T13:07+0500
асхат аймағамбетов
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26757753_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_1518db08165c61aeba36e6d9a860e9e3.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жақын уақытта елордадағы беделді оқу орындарының бірінде оқытушы қызметіне кірісетінін айтты. Бұл жаңалықты экс-министр Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында бөлісті.Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қазір оның қолы бос, балаларын мектеп пен балабақшаға тасиды, тұрмыстық шаруалар мен кітап оқуға уақыт тапқан.Журналистің мемлекеттік қызметтен кеткеніне қатысты өкініші бар-жоғын білгісі келген сауалға Аймағамбетов ондай сезім жоқ екенін алға тартты."Кезінде мемлекет басшысы 2019 жылы мені қабыдап, осы қызметке келетінімді айтқанда, ойыма келген бір мәселе болды. Әлі күнге дейін, осы үш жыл ішінде осы ойды есімнен еш шығарған жоқпын. Ол "осы қызметке келу және бұл қызметтен абыроймен кету" деген ой. Яғни, президенттің, халықтың сенімін ақтау, ертең халықтың батасын алу", - деді экс-министр.Аймағамбетов өзінің министрлік қызметтен кететіні туралы қашан білгенін де айтты.Сұхбат барысында Аймағамбетов жуырда елордадағы беделді оқу орындарының бірінен оқытушы болу туралы ұсыныс түскенін жеткізді. "Астана қаласындағы өте ірі әрі сапалы университеттердің бірінен ұсыныс түсті. Мен өзім педагог болғандықтан, ұстаз болу маған өте жақын. Сондықтан қарапайым оқытушы ретінде студенттермен жұмыс істеу туралы ұсынысты қабылдадым. Басқа да ұсыныстар бар, оны жасырмаймын. Бірақ ағартушылықпен айналысу, балаларға білім беру, жинаған тәжірибемен бөлісуді қандай қызметте болсаң да бірге алып жүруге болады. Сол себепті қазір қарапайым оқытушы ретінде өскелең ұрпақпен тәжірибе бөлісуді жөн көріп отырмын. Бұдан басқа да жоспарлар бар, бірақ дәл қазір осындай шешім қабылдадым", - деді Аймағамбетов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26757753_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_1b803b0b7d090f29ce582eeac654c383.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жақын уақытта елордадағы беделді оқу орындарының бірінде оқытушы қызметіне кірісетінін айтты. Бұл жаңалықты экс-министр Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында бөлісті.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қазір оның қолы бос, балаларын мектеп пен балабақшаға тасиды, тұрмыстық шаруалар мен кітап оқуға уақыт тапқан.
Журналистің мемлекеттік қызметтен кеткеніне қатысты өкініші бар-жоғын білгісі келген сауалға Аймағамбетов ондай сезім жоқ екенін алға тартты.
"Кезінде мемлекет басшысы 2019 жылы мені қабыдап, осы қызметке келетінімді айтқанда, ойыма келген бір мәселе болды. Әлі күнге дейін, осы үш жыл ішінде осы ойды есімнен еш шығарған жоқпын. Ол "осы қызметке келу және бұл қызметтен абыроймен кету" деген ой. Яғни, президенттің, халықтың сенімін ақтау, ертең халықтың батасын алу", - деді экс-министр.
Аймағамбетов өзінің министрлік қызметтен кететіні туралы қашан білгенін де айтты.
"Ресми сол күні білдім. Ақпарат құралдарынан. Алдын ала ескерту туралы ешқандай міндет жоқ қой. Бұл мемлекеттік қызмет, саяси қызмет. Кез келген саяси қызметкер мұндай шешімге дайын болуы керек. Мен үш жыл жеті ай жұмыс істедім. Министрлер өмір бойы бір орында отыра бермейді", - деген экс-министр бұл үйреншікті әрі қалыпты жағдай екенін атап өтті.
Сұхбат барысында Аймағамбетов жуырда елордадағы беделді оқу орындарының бірінен оқытушы болу туралы ұсыныс түскенін жеткізді.
"Астана қаласындағы өте ірі әрі сапалы университеттердің бірінен ұсыныс түсті. Мен өзім педагог болғандықтан, ұстаз болу маған өте жақын. Сондықтан қарапайым оқытушы ретінде студенттермен жұмыс істеу туралы ұсынысты қабылдадым. Басқа да ұсыныстар бар, оны жасырмаймын. Бірақ ағартушылықпен айналысу, балаларға білім беру, жинаған тәжірибемен бөлісуді қандай қызметте болсаң да бірге алып жүруге болады. Сол себепті қазір қарапайым оқытушы ретінде өскелең ұрпақпен тәжірибе бөлісуді жөн көріп отырмын. Бұдан басқа да жоспарлар бар, бірақ дәл қазір осындай шешім қабылдадым", - деді Аймағамбетов.