https://sputnik.kz/20230205/akesi-uryp-soqqan-atyrauda-11-zhastagy-qyz-uyinen-qashyp-ketti-31775690.html
Әкесі ұрып-соққан: Атырауда 11 жастағы қыз үйінен қашып кетті
Әкесі ұрып-соққан: Атырауда 11 жастағы қыз үйінен қашып кетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Атырауда кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына үйінен қашып кеткен 11 жастағы қыз келген. Бұл туралы әлеуметтік... 05.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-05T17:20+0500
2023-02-05T17:20+0500
2023-02-05T17:20+0500
атырау
https://sputnik.kz/img/07e5/09/10/18140912_58:0:1500:811_1920x0_80_0_0_03656bf5e481a9fd5716e7c27b9c71c1.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Атырауда кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына үйінен қашып кеткен 11 жастағы қыз келген. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында орталық қызметкері Дильназ Әділжанова жазды.Оқушы қыздың айтуынша, оның әкесі деструктивті діни ағымды ұстанады.Бірақ жасөспірім әкесі жазалайды деп қорыққаннан зорлық-зомбылық фактісі туралы дәрігерге тіс жармаған.Осы жылдың қаңтарында болған қысымнан кейін қыз бала сыныптас құрбысының әкесінен оның үйінде қалуды сұраған. Сол кезде ер адам оны полицияға апарады."Содан кейін полицейлер жасөспірімді біздің орталыққа жатқызды. Бірақ оның туған апасы қаладағы танымал қорғаушы ретінде өз таныстары арқылы қыз балаға әкесіне қарсы шағымданбау бойынша қысым көрсетуге тырысып жатыр. Ал әкесін өз басын арашалау үшін қызына жала жауып жатыр. Бірақ үйіне алып кетуге құлқы жоқ. Қазір жасөспірім әкесі ұстап алып, өлтіріп қояды ма деген қорқынышпен мектепке бара алмай отыр. Ешқандай жақын-туысы жоқ. Орталықтағы психологтар мен педагогтар онымен үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр", - деп жазды ол.Орталық қызметкерлері осы жағдай бойынша кәмелет жасына толмағандардың істері жөніндегі комиссия мен полиция органдарына хабарласты.Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР ҚК 110-бабы (азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. тиісті сараптамалар жасалады.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/10/18140912_419:0:1500:811_1920x0_80_0_0_c67e330f76b152c61a051afec644ff1b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Атырауда кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына үйінен қашып кеткен 11 жастағы қыз келген. Бұл туралы
әлеуметтік желідегі парақшасында орталық қызметкері Дильназ Әділжанова жазды.
Оқушы қыздың айтуынша, оның әкесі деструктивті діни ағымды ұстанады.
"Бірнеше жылдан бері ұрып-соғып, әбден қорлап, күштеп намаз оқуға мәжбүрлеген. Егер бағынбаса, өлтіремін деп қорқытқан. Қыздың анасын бірнеше жыл бұрын түрмеге жапқан. Ол бостандыққа шыққан соң отбасынан кетіп, балаларынан бас тартқан. Өткен жылдың қарашасында кезекті соққыдан кейін қыз бала нағашы апасынан ауруханаға апаруды өтінген. Ауруханада дәрігерлер көп дене жарақатын, қабырғасы сынғанын анықтаған", - деп жазды Әділжанова.
Бірақ жасөспірім әкесі жазалайды деп қорыққаннан зорлық-зомбылық фактісі туралы дәрігерге тіс жармаған.
Осы жылдың қаңтарында болған қысымнан кейін қыз бала сыныптас құрбысының әкесінен оның үйінде қалуды сұраған. Сол кезде ер адам оны полицияға апарады.
"Содан кейін полицейлер жасөспірімді біздің орталыққа жатқызды. Бірақ оның туған апасы қаладағы танымал қорғаушы ретінде өз таныстары арқылы қыз балаға әкесіне қарсы шағымданбау бойынша қысым көрсетуге тырысып жатыр. Ал әкесін өз басын арашалау үшін қызына жала жауып жатыр. Бірақ үйіне алып кетуге құлқы жоқ. Қазір жасөспірім әкесі ұстап алып, өлтіріп қояды ма деген қорқынышпен мектепке бара алмай отыр. Ешқандай жақын-туысы жоқ. Орталықтағы психологтар мен педагогтар онымен үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр", - деп жазды ол.
Орталық қызметкерлері осы жағдай бойынша кәмелет жасына толмағандардың істері жөніндегі комиссия мен полиция органдарына хабарласты.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР ҚК 110-бабы (азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. тиісті сараптамалар жасалады.