https://sputnik.kz/20230204/zhiguli-dayrabaev-pen-qaraqat-abden-auyl-partiyasynyn-tizimine-endi-31763002.html
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден "Ауыл" партиясының тізіміне енді
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден "Ауыл" партиясының тізіміне енді
Sputnik Қазақстан
"Ауыл" Қазақстанның халықтық-демократиялық патриоттық партиясы парламент сайлауына үміткерлер тізімін бекітті 04.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-04T14:35+0500
2023-02-04T14:35+0500
2023-02-04T17:24+0500
сайлау
партия
https://sputnik.kz/img/old/1104/58/11045821_0:0:1024:577_1920x0_80_0_0_e2e2dc8f1520ba7eaced274aac32c953.jpg
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. "Ауыл" партиясы республика парламенті мәжілісінің сайлауына қатысуға дайын екенін мәлімдеді. "Біз парламент мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітіп, бір мандатты округтер бойынша кандидаттарды ұсындық", - деді партия төрағасы Әли Бектаев сенбі күні өткен кезектен тыс съезде. "Ауылдың" партиялық тізімі 25 адамнан тұрады. Олардың арасында президент сайлауына қатысқан Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден де бар. Әбден съезде "Ауыл" партиясына өткенін хабарлады. Бір мандатты округтер бойынша ұсынылатын кандидаттар тізімінде тоғыз адам бар. Еске салсақ, кандидаттар тізімін бұған дейін Қазақстанның халық партиясы, "Ақ жол" демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия және "Байтақ" жасылдар партиясы бекітті. Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарда мәжілісті таратып, палата депутаттарының кезектен тыс сайлауын 19 наурызға белгіледі. Парламент сайлауымен қатар қазақстандықтар барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын да сайлайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1104/58/11045821_80:0:991:683_1920x0_80_0_0_81a0cf25dbe7a1c871c29b4604061a55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау, партия
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден "Ауыл" партиясының тізіміне енді
14:35 04.02.2023 (жаңартылды: 17:24 04.02.2023) "Ауыл" Қазақстанның халықтық-демократиялық патриоттық партиясы парламент сайлауына үміткерлер тізімін бекітті
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. "Ауыл" партиясы республика парламенті мәжілісінің сайлауына қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
"Біз парламент мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітіп, бір мандатты округтер бойынша кандидаттарды ұсындық", - деді партия төрағасы Әли Бектаев сенбі күні өткен кезектен тыс съезде.
"Ауылдың" партиялық тізімі 25 адамнан тұрады. Олардың арасында президент сайлауына қатысқан Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден де бар. Әбден съезде "Ауыл" партиясына өткенін хабарлады. Бір мандатты округтер бойынша ұсынылатын кандидаттар тізімінде тоғыз адам бар.
Еске салсақ, кандидаттар тізімін бұған дейін Қазақстанның халық партиясы, "Ақ жол" демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия және "Байтақ" жасылдар партиясы бекітті.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарда мәжілісті таратып, палата депутаттарының кезектен тыс сайлауын 19 наурызға белгіледі. Парламент сайлауымен қатар қазақстандықтар барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын да сайлайды.