https://sputnik.kz/20230204/tarazda-apellyatsiyalyq-sot-buryngy-kuyeuin-oltirgen-ayeldi-qamaudan-bosatty-31768041.html
Таразда апелляциялық сот бұрынғы күйеуін өлтірген әйелді қамаудан босатты
Таразда апелляциялық сот бұрынғы күйеуін өлтірген әйелді қамаудан босатты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Өзін-өзі қорғау мақсатында бұрынғы күйеуін өлтірген Елена Выродованың ісі "Рұқсат етілген қорғаныс шегінен шығу" бабына ауыстырылды. 04.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-04T18:40+0500
2023-02-04T18:40+0500
2023-02-04T18:40+0500
тараз
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Өзін-өзі қорғау мақсатында бұрынғы күйеуін өлтірген Елена Выродованың ісі "Рұқсат етілген қорғаныс шегінен шығу" бабына ауыстырылды.Өткен жылдың қарашасында Елена Выродова өзін-өзі қорғау мақсатында бұрынғы күйеуін өлтіргені үшін 8 жылға сотталған. Бірінші сатыдағы сот мұны абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру деп бағалады.Бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық тудырды. Құқық қорғаушылар қылмыс жасалған кездегі жағдайлар ескерілмей, өте ауыр жаза тағайындалды деп санады.2 ақпанда істі апелляциялық сот қарады. Іс Қылмыстық кодекстің "Рұқсат етілген қорғаныс шегінен шығу" бабына ауыстырылды."Елена Выродованы қолдау туралы петицияға қол қойғандардың барлығын құттықтаймыз. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 112-бабына, яғни рұқсат етілген қорғаныс шегінен шығу бойынша қайта сараланды", - деп жазды #НеМолчиKZ қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында.Оның айтуынша, сот әйелді дереу қамаудан босатуды міндеттеді.Елена Выродованың оқиғасы2022 жылдың 3 маусымында Елена үйіне келгенде бұрынғы күйеуінің пәтерде ішімдік ішіп отырғанын көрген. Бұл кезде олар 11 жылдан астам уақыттан бері бірге тұрмаған.Елена оны қуып жібермек болып, соның салдарынан жанжал басталған. Әйел бұрынғы күйеуінің бауырына пышақ сұққан.Әйелдің өзі жедел жәрдем шақырып, онымен бірге ауруханаға барған. Бірақ ер адамның жүрегі тоқтап қалды.
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Өзін-өзі қорғау мақсатында бұрынғы күйеуін өлтірген Елена Выродованың ісі "Рұқсат етілген қорғаныс шегінен шығу" бабына ауыстырылды.
Өткен жылдың қарашасында Елена Выродова өзін-өзі қорғау мақсатында бұрынғы күйеуін өлтіргені үшін 8 жылға сотталған. Бірінші сатыдағы сот мұны абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру деп бағалады.
Бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық тудырды. Құқық қорғаушылар қылмыс жасалған кездегі жағдайлар ескерілмей, өте ауыр жаза тағайындалды деп санады.
2 ақпанда істі апелляциялық сот қарады. Іс Қылмыстық кодекстің "Рұқсат етілген қорғаныс шегінен шығу" бабына ауыстырылды.
"Елена Выродованы қолдау туралы петицияға қол қойғандардың барлығын құттықтаймыз. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 112-бабына, яғни рұқсат етілген қорғаныс шегінен шығу бойынша қайта сараланды", - деп жазды #НеМолчиKZ қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, сот әйелді дереу қамаудан босатуды міндеттеді.
Елена Выродованың оқиғасы
2022 жылдың 3 маусымында Елена үйіне келгенде бұрынғы күйеуінің пәтерде ішімдік ішіп отырғанын көрген. Бұл кезде олар 11 жылдан астам уақыттан бері бірге тұрмаған.
Елена оны қуып жібермек болып, соның салдарынан жанжал басталған. Әйел бұрынғы күйеуінің бауырына пышақ сұққан.
Әйелдің өзі жедел жәрдем шақырып, онымен бірге ауруханаға барған. Бірақ ер адамның жүрегі тоқтап қалды.