https://sputnik.kz/20230203/turkistan-oblysyndagy-su-tasqyny-adamdar-uyine-qaytyp-zhatyr-31740812.html
Түркістан облысындағы су тасқыны: адамдар үйіне қайтып жатыр
Түркістан облысындағы су тасқыны: адамдар үйіне қайтып жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркістан облысындағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik... 03.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-03T15:14+0500
2023-02-03T15:14+0500
2023-02-03T15:16+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/old/1148/07/11480707_0:54:1025:630_1920x0_80_0_0_e14216a880d07e4895180b058eee162a.jpg
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркістан облысындағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Соңғы күндері облыста күн күрт жылынып кетті. Қар еріп, су тасқыны басталған. Оған қоса, жаңбыр жауып жатыр."Облыстың төрт ауданында – Сауран, Ордабасы, Созақ пен Бәйдібекте, сондай-ақ Арыс пен Кентау қалаларында су тасқыны күшейді. 21 елді мекенге, барлығы 234 аулаға су кірді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Арыс қаласында бір тұрғын үйді ғана су басты", - деді Күлшімбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Оның айтуынша, су тасқыны басталғанда жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі кезде адамдар өз үйіне қайтып жатыр."Қазіргі кезде жағдай тұрақты, бұған дейін 204 адам эвакуацияланған болатын. Соның ішінде 111 бала бар. Барлығы туыстарының үйінде болды. Қазір өз үйлеріне қайтып жатыр. Бір ғана үйді су басты дедім ғой, қалған үйлерге кіруге болады", - деп атап өтті Күлшімбаев.
https://sputnik.kz/20230203/totenshe-zhagdaylar-ministri-turkistan-oblysynyn-turgyndarymen-kezdesti-31733101.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1148/07/11480707_56:0:967:683_1920x0_80_0_0_cee840bf351b3eca387d7509cce15d67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Түркістан облысындағы су тасқыны: адамдар үйіне қайтып жатыр
15:14 03.02.2023 (жаңартылды: 15:16 03.02.2023) АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркістан облысындағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Соңғы күндері облыста күн күрт жылынып кетті. Қар еріп, су тасқыны басталған. Оған қоса, жаңбыр жауып жатыр.
"Облыстың төрт ауданында – Сауран, Ордабасы, Созақ пен Бәйдібекте, сондай-ақ Арыс пен Кентау қалаларында су тасқыны күшейді. 21 елді мекенге, барлығы 234 аулаға су кірді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Арыс қаласында бір тұрғын үйді ғана су басты", - деді Күлшімбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, су тасқыны басталғанда жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі кезде адамдар өз үйіне қайтып жатыр.
"Қазіргі кезде жағдай тұрақты, бұған дейін 204 адам эвакуацияланған болатын. Соның ішінде 111 бала бар. Барлығы туыстарының үйінде болды. Қазір өз үйлеріне қайтып жатыр. Бір ғана үйді су басты дедім ғой, қалған үйлерге кіруге болады", - деп атап өтті Күлшімбаев.