https://sputnik.kz/20230203/smayylov-eaeo-ayasynda-tauarlardy-tasymaldaudy-zhenildetuge-shaqyrdy-31742523.html
Смайылов ЕАЭО аясында тауарларды тасымалдауды жеңілдетуге шақырды
Смайылов ЕАЭО аясында тауарларды тасымалдауды жеңілдетуге шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Қолданыстағы оң қарқынға қарамастан, ЕАЭО елдері арасындағы саудада шектеулер мен кедергілер элементі әлі де бар. Бұл туралы ҚР... 03.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-03T15:55+0500
2023-02-03T15:55+0500
2023-02-03T15:55+0500
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e7/02/03/31729665_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_ad5a8740f02694c903fe411fcb5dc231.png
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Қолданыстағы оң қарқынға қарамастан, ЕАЭО елдері арасындағы саудада шектеулер мен кедергілер элементі әлі де бар. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кеңейтілген отырысында мәлімдеді.Премьер-министрдің айтуынша, 2022 жылы ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,5 триллион долларды құрады, оның ішінде Қазақстанда 1,1% өсіммен 100 миллиард доллардан асты.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру де ұлғайды – өткен жылы оның көлемі 5%-тен астамға өсті.Бұл ретте ең үлкен өсім Қазақстанда байқалады – 9%-тен астам. Дегенмен Қазақстан премьер-министрі бұл көрсеткіштер ЕАЭО-ның нақты әлеуетіне сәйкес келмейтінін, ал еуразиялық интеграция мүмкіндіктері толық қолданылмай отырғанын айтты."Біріншіден бұл өзара саудадағы кедергілерді жоюды қажет етеді. Кедергілерді жоюдағы оң қарқынға қарамастан, ішкі шекараларда кедендік бақылау элементтері әлі де бар. Іс жүзінде мемлекеттік сатып алуда ұлттық режим жоқ. Санитарлық, ветеринарлық шектеулер және басқалары кеңінен қолданылып жатыр. Мұның барлығы біздің елдерімізге ЕАЭО артықшылықтарын толық сезінуге мүмкіндік бермей отыр", - деді Әлихан Смайылов.Ол Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде шектеусіз сауда ағынын қалыптастыру да басым бағыт болуы керектігін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/03/31729665_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_73b8bccde4543159cdfd5c42be6ba638.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Қолданыстағы оң қарқынға қарамастан, ЕАЭО елдері арасындағы саудада шектеулер мен кедергілер элементі әлі де бар. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
Премьер-министрдің айтуынша, 2022 жылы ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,5 триллион долларды құрады, оның ішінде Қазақстанда 1,1% өсіммен 100 миллиард доллардан асты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру де ұлғайды – өткен жылы оның көлемі 5%-тен астамға өсті.
Бұл ретте ең үлкен өсім Қазақстанда байқалады – 9%-тен астам. Дегенмен Қазақстан премьер-министрі бұл көрсеткіштер ЕАЭО-ның нақты әлеуетіне сәйкес келмейтінін, ал еуразиялық интеграция мүмкіндіктері толық қолданылмай отырғанын айтты.
"Біріншіден бұл өзара саудадағы кедергілерді жоюды қажет етеді. Кедергілерді жоюдағы оң қарқынға қарамастан, ішкі шекараларда кедендік бақылау элементтері әлі де бар. Іс жүзінде мемлекеттік сатып алуда ұлттық режим жоқ. Санитарлық, ветеринарлық шектеулер және басқалары кеңінен қолданылып жатыр. Мұның барлығы біздің елдерімізге ЕАЭО артықшылықтарын толық сезінуге мүмкіндік бермей отыр", - деді Әлихан Смайылов.
Ол Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде шектеусіз сауда ағынын қалыптастыру да басым бағыт болуы керектігін айтты.