https://sputnik.kz/20230203/qazaqstandagy-ush-universitet-euraziyalyq-zhelilik-universitet-quramyna-kiredi-31754086.html
Қазақстандағы үш университет Еуразиялық желілік университет құрамына кіреді
Қазақстандағы үш университет Еуразиялық желілік университет құрамына кіреді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Үш қазақстандық жоғары оқу орны Еуразиялық желілік университеттің құрамына кіреді, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның... 03.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-03T20:25+0500
2023-02-03T20:25+0500
2023-08-10T12:23+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e5/07/10/17620377_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_0d0f0b76c7c8af78f6a5d4b5007685b9.jpg
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Үш қазақстандық жоғары оқу орны Еуразиялық желілік университеттің құрамына кіреді, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми өкілі Ия Малкина.Ол ЕЭК-тің негізгі бағыты одаққа мүше елдердің экономикалық дамуы, сондай-ақ адам кадрлық әлеуетті дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын құру екенін атап өтті."Өткен жылы Еуразиялық желілік университет құрылды. Оған бүгінде одақтың барлық еліндегі 19 жетекші университет кіреді. Мысалы, оның құрамына үш қазақстандық университет бар: Каспий қоғамдық университеті, Алматы менеджмент, Рудный индустриялды университеті. Армениядан Армян мемлекеттік экономикалық университеті, Беларусьтен Беларусь мемлекеттік университеті және Қырғыз Республикасынан Бішкек мемлекеттік университеті кіреді. Ресей Федерациясынан Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінен және Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті кіреді", - деді Малкина ЕАЭО Үкіметаралық кеңесі алаңында журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде.Оның айтуынша, бұл университеттің құрылуы іс-тәжірибеден өтуді ғана емес, сонымен қатар студенттік туризмді дамытуға әсер ететін білім беру бағдарламалармен алмасуды ынталандырады.Комиссия сондай-ақ одақтас елдер жастарының өтініштерін және жастар тәжірибесін, ЕАЭО аумағында тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін қарастыратын Еуразиялық жастар бастамаларын қолдау қорын құруды ұсынды.Еске салсақ, Еуразиялық желілік университетті құру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға 25 мамырда Бішкекте өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕАЭО елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қол қойды. Еуразиялық желілік университеттің мақсаты – білім беру саласында кедергісіз ортаны кезең-кезеңмен қалыптастыру.Еуразиялық желілік университет заңды тұлға құрусыз ғылыми-білім беру консорциумы ретінде құрылды. Еуразиялық желілік университеттің құрылымдық бөлімшелері меморандумға қатысушылар – нақты ЖОО-ларға бекітілген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/10/17620377_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_00e57b959ebf66c89a3af6c71a721447.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Үш қазақстандық жоғары оқу орны Еуразиялық желілік университеттің құрамына кіреді, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми өкілі Ия Малкина.
Ол ЕЭК-тің негізгі бағыты одаққа мүше елдердің экономикалық дамуы, сондай-ақ адам кадрлық әлеуетті дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын құру екенін атап өтті.
"Өткен жылы Еуразиялық желілік университет құрылды. Оған бүгінде одақтың барлық еліндегі 19 жетекші университет кіреді. Мысалы, оның құрамына үш қазақстандық университет бар: Каспий қоғамдық университеті, Алматы менеджмент, Рудный индустриялды университеті. Армениядан Армян мемлекеттік экономикалық университеті, Беларусьтен Беларусь мемлекеттік университеті және Қырғыз Республикасынан Бішкек мемлекеттік университеті кіреді. Ресей Федерациясынан Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінен және Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті кіреді", - деді Малкина ЕАЭО Үкіметаралық кеңесі алаңында журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде.
Оның айтуынша, бұл университеттің құрылуы іс-тәжірибеден өтуді ғана емес, сонымен қатар студенттік туризмді дамытуға әсер ететін білім беру бағдарламалармен алмасуды ынталандырады.
Комиссия сондай-ақ одақтас елдер жастарының өтініштерін және жастар тәжірибесін, ЕАЭО аумағында тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін қарастыратын Еуразиялық жастар бастамаларын қолдау қорын құруды ұсынды.
Еске салсақ, Еуразиялық желілік университетті құру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға 25 мамырда Бішкекте өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕАЭО елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қол қойды. Еуразиялық желілік университеттің мақсаты – білім беру саласында кедергісіз ортаны кезең-кезеңмен қалыптастыру.
Еуразиялық желілік университет заңды тұлға құрусыз ғылыми-білім беру консорциумы ретінде құрылды. Еуразиялық желілік университеттің құрылымдық бөлімшелері меморандумға қатысушылар – нақты ЖОО-ларға бекітілген.