PlayStation 5 сатып алмақ болған әкімдіктің жоспары іске аспай қалды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуКомпьютерлік ойын
Компьютерлік ойын - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Текелі қаласының прокуратурасы әкімдікке PlayStation 5 ойын консолін сатып алуға рұқсат бермеді, деп хабарлайды "Наша Газета" порталы.
Прокурорлар бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалады деген шешімге келді.

"Бұдан бөлек, ол қала халқының көңіл-күйіне кері әсер етіп, сайлау алдында БАҚ-та жағымсыз пікір туғызды", - дейді қадағалаушы органның өкілдері.

Прокуратура мемлекеттік сатып алудың күшін жойып, жергілікті билік органдарына келісімшартты бұзуға кеңес берді. Сондай-ақ, жауапты тұлғаларды тәртіптік жазаға тартуға ұсыныс енгізілді.
Айта кетері, бұған дейін Текелі қаласының әкімдігі PlayStation 5 және оған келетін бірнеше ойынды сатып алуға хабарлама жариялаған. Лоттың бағасы – 600 мың теңге.
Әкімдік ойын консолін мәдениет үйіне сатып алуды жоспарлаған. Ол жерде балалардың ойын бөлмесі ашылады. Бірақ әлеуметтік желіде әкімдікті сынаған адамдар көп болды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2023
Шымкентте кәсіпкер бес мың газтұтқышты әкімдіктің алдына тастап кетті
Жаңалықтар
0