https://sputnik.kz/20230203/munay-zauytyndagy-aqaulyqtan-keyin-direktordyn-orynbasary-zhumystan-bosatyldy-31744238.html
Мұнай зауытындағы ақаулықтан кейін директордың орынбасары жұмыстан босатылды
Мұнай зауытындағы ақаулықтан кейін директордың орынбасары жұмыстан босатылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ақаулықтан кейін директордың бірінші орынбасары жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 03.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-03T20:01+0500
2023-02-03T20:01+0500
2023-02-03T20:01+0500
мұнай өңдеу зауыты
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0f/16040267_0:306:3072:2034_1920x0_80_0_0_945fc95e613651ba112ba223ed3e76f9.jpg
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ақаулықтан кейін директордың бірінші орынбасары жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.1 ақпанда Атырау мұнай өңдеу зауыты регенераторларда температураның көтерілуіне байланысты каталитикалық крекинг қондырғысын тоқтатты. Бүгін "ҚазМұнайГаз" басшысы Мағзұм Мырзағалиев Атырауға өзі барып, кәсіпорын басшылығымен кеңес өткізді. Сол жерде жедел штаб құруға шешім қабылданды. Оған басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Арман Қайырденов жетекішілік етеді. Штаб зауыттағы ақаулық жойылғанға дейін жұмыс істейді.Бүгінгі кеңесте Атырау мұнай өңдеу зауыты директорының бірінші орынбасары Рахымжан Жанғабылов қызметінен босатылды. Ал кәсіпорынның бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ соңғы жағдай бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі. Соның нәтижесінде тағы кадрлық шешімдер қабылданады."Ел басшылығының АМӨЗ-ге қатысты бірнеше рет айтқан ескертуін, сондай-ақ зауыт жұмысындағы жиі үзілістерді ескере отырып, барынша қатаң шаралар қабылдаймыз. Елде ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып тұрғанда мұндай жағдайға жол беруге болмайды", — дейді Мырзағалиев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0f/16040267_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_e3f8bc18565338fe6b0161021e7adf06.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай өңдеу зауыты
Мұнай зауытындағы ақаулықтан кейін директордың орынбасары жұмыстан босатылды
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ақаулықтан кейін директордың бірінші орынбасары жұмыстан босатылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.
1 ақпанда Атырау мұнай өңдеу зауыты регенераторларда температураның көтерілуіне байланысты каталитикалық крекинг қондырғысын тоқтатты. Бүгін "ҚазМұнайГаз" басшысы Мағзұм Мырзағалиев Атырауға өзі барып, кәсіпорын басшылығымен кеңес өткізді. Сол жерде жедел штаб құруға шешім қабылданды. Оған басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Арман Қайырденов жетекішілік етеді. Штаб зауыттағы ақаулық жойылғанға дейін жұмыс істейді.
Бүгінгі кеңесте Атырау мұнай өңдеу зауыты директорының бірінші орынбасары Рахымжан Жанғабылов қызметінен босатылды. Ал кәсіпорынның бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ соңғы жағдай бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі. Соның нәтижесінде тағы кадрлық шешімдер қабылданады.
"Ел басшылығының АМӨЗ-ге қатысты бірнеше рет айтқан ескертуін, сондай-ақ зауыт жұмысындағы жиі үзілістерді ескере отырып, барынша қатаң шаралар қабылдаймыз. Елде ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып тұрғанда мұндай жағдайға жол беруге болмайды", — дейді Мырзағалиев.