Армения "ЕАЭО-дағы жұмыс" қосымшасына алғашқылардың бірі болып қосылды

© Sputnik/Ертай СарбасовАрмения "ЕАЭО-дағы жұмыс" қосымшасына алғашқылардың бірі болып қосылды
Армения ЕАЭО-дағы жұмыс қосымшасына алғашқылардың бірі болып қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2023
Жазылу
Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Одақ елдерін Армениядан үлгі алып, "ЕАЭО-дағы жұмыс" сервисіне қосылуға шақырды
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерді Армения Республикасынан үлгі алып, "ЕАЭО-дағы жұмыс" жаңа қосымшасына тезірек қосылуға шақырды.
Михаил Мишустин өз ұсынысын ЕАЭО елдері үкімет басшыларының қатысуымен өткен пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде айтты.
Мишустиннің айтуынша, жаңа мобильді қосымша біріктірілген ұлттық сегменттері бар ортақ платформалық шешім қағидасына негізделген және оған бүгінде Армения қосылды.
"Қосымшада жүздеген мың бос жұмыс орындары туралы ақпарат бар ресейлік деректер базасы жинақталған. Күні кеше ғана бұл сервиске Армения қосылды. Басқа серіктестер де қатысады деп үміттенеміз", - деді Михаил Мишустин.
Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян "ЕАЭО-дағы жұмыс" платформасына елдің қосылғаны туралы айтқан болатын.
"ЕАЭО елдеріндегі азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік органдарға елдеріміздің еңбек қызметін ұйымдастыруда өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін заманауи цифрлық құралға назар аударғым келеді. Бұл Михаил Владимирович Мишустиннің идеяларын іске асыру шеңберінде Цифрлық бастамалар қоры әзірлеген "ЕАЭО-дағы жұмыс" цифрлық платформасы туралы болып отыр. "ЕАЭО-дағы жұмыс" қосымшасының ресейлік сегменті 2022 жылы жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда Арменияның ұлттық сегментінің бірінші толыққанды нұсқасы қосымшада қолжетімді екенін атап өткім келеді", - деді Пашинян.
Ол қосымшаны пайдаланушылар қазірдің өзінде бос жұмыс орындарын таба алатынын, оларға жауап бере алатынын, сервистерді, жиі қойылатын сұрақтар бойынша сервис көмекшісін пайдалана алатынын, нормативтік ақпаратпен таныса алатынын, уәкілетті органдардың бөлімдерін, байланыс ақпаратын және тағы басқа деректерді таба алатынын атап өтті.
Сондай-ақ "ЕАЭО-дағы жұмыс" ұлттық армян сегментінде негізгі мемлекеттік цифрлық қызметтер қолжетімді.
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысы және Digital Almaty-2023 "Жаңа шынайылықтағы цифрлық серіктестік" жылсайынғы халықаралық цифрландыру форумы өтіп жатыр.
Әлихан Смайылов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2023
ЕАЭО аясында көлік құжаттарын электронды форматқа көшіруді ұсынамыз – Смайылов
Жаңалықтар
0