https://sputnik.kz/20230202/zhambylda-balalar-kone-zergerlik-buyymdardy-tapty-video-31662884.html
Жамбыл облысында ойнап жүрген балалар көне жәдігерлер тапты – видео
Жамбыл облысында ойнап жүрген балалар көне жәдігерлер тапты – видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында мал бағып жүрген екі оқушы көне жәдігерлер тапты. 02.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-02T07:41+0500
2023-02-02T07:41+0500
2023-02-02T07:41+0500
өңірлер
балалар
қолөнер бұйымдары
https://sputnik.kz/img/old/1210/49/12104974_0:3:1001:566_1920x0_80_0_0_3080dbc7e6f261799a1c53b4bb8c0095.jpg
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында мал бағып жүрген екі оқушы көне жәдігерлер тапты.Қаракемер ауылының екі оқушысы Артем Муравьев пен Жұмабай Қасымхан Төрткөл төбешігінен ойнап жүргенде зергерлік бұйымдарды тапқан. Басында қоқыс деп ойлаған. Бірақ жартылай көмілген тарихи олжаны қазып алып, мұғалімдеріне апарып көрсеткен, деп жазады Almaty арнасы."Төрткөл төбесіне шыққан кезде ауыл әдемі көрінеді. Жүріп бара жатқанда аяғым шалынып қалды. Қазып алдым да, мектепке әкелуге асықтым", - дейді Артем. Тарих пәнінің оқытушысы жәдігерлер жайлы ақпарат алу үшін Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығына барған. Орталық мамандардың айтуынша, бағалы бұйымдар табылған аймақ – Ұлы Жібек жолының қосалқы тармағында орналасқан. Ол жерде Адахкент елдімекені болған. "Қалада кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Алайда жергілікті тұрғындардың тапқан жәдігерлері VII-XII ғасыр аралығын қамтыған қала тіршілігінен сыр береді", – деді тарихшы Сауран Қалиев. Төрткүл қалашығынан табылған жәдігерлерге ұқсас заттар бұдан бұрын көне Тараз қалашығында қазба жұмыстарын жүргізу барысында кездескен. Олар қазір мұражайда тұр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1210/49/12104974_115:0:870:566_1920x0_80_0_0_e247c91ea986ce0a243de1dc17ac73b3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар, қолөнер бұйымдары
балалар, қолөнер бұйымдары
Жамбыл облысында ойнап жүрген балалар көне жәдігерлер тапты – видео
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында мал бағып жүрген екі оқушы көне жәдігерлер тапты.
Қаракемер ауылының екі оқушысы Артем Муравьев пен Жұмабай Қасымхан Төрткөл төбешігінен ойнап жүргенде зергерлік бұйымдарды тапқан. Басында қоқыс деп ойлаған. Бірақ жартылай көмілген тарихи олжаны қазып алып, мұғалімдеріне апарып көрсеткен, деп жазады
Almaty арнасы.
"Төрткөл төбесіне шыққан кезде ауыл әдемі көрінеді. Жүріп бара жатқанда аяғым шалынып қалды. Қазып алдым да, мектепке әкелуге асықтым", - дейді Артем.
Тарих пәнінің оқытушысы жәдігерлер жайлы ақпарат алу үшін Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығына барған. Орталық мамандардың айтуынша, бағалы бұйымдар табылған аймақ – Ұлы Жібек жолының қосалқы тармағында орналасқан. Ол жерде Адахкент елдімекені болған.
"Қалада кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Алайда жергілікті тұрғындардың тапқан жәдігерлері VII-XII ғасыр аралығын қамтыған қала тіршілігінен сыр береді", – деді тарихшы Сауран Қалиев.
Төрткүл қалашығынан табылған жәдігерлерге ұқсас заттар бұдан бұрын көне Тараз қалашығында қазба жұмыстарын жүргізу барысында кездескен. Олар қазір мұражайда тұр.